Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Жүрек талмасына шалдығып, ауруханаға түсетін жастар көбейген»: мамандар энергетикалық сусынның зияны жайлы

«Жүрек талмасына шалдығып, ауруханаға түсетін жастар көбейген»: мамандар энергетикалық сусынның зияны жайлы

Қазақстандықтар күніне 30 мың литр энергетикалық сусын ішеді.
Қазақстандықтар күніне 30 мың литр энергетикалық сусын ішеді. Оның дені – жасөспірімдер. Мамандар мұның салдары жақсылыққа апармайды деп отыр. Жүрек талмасына шалдығып, ауруханаға түсетін жастар көбейген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.
Ал уролог-дәрігерлер энергетикалық сусыннан келер қауіп бар. Ол ұрпақсыз қалдыруы мүмкін дейді. Қазір дүкен сөрелерінде энергетикалық сусындар сіресіп тұр. Талғамыңа сай келгенін таңдап ішесің. Өкінішке қарай, мұндай сусынға жас та, жасамыс та құмар. Құрылысшы да, такси жүргізушісі де іздеп ішеді.
Күні кеше Алматыдағы емхананың біріне дене қызуы көтеріліп, өздігінен жүре алмай қалған жасөспірім жеткізілді. Анықталғандай, 17 жасар бозбала 6 айдан бері үзбей энергетикалық сусын ішкен. Науқастың денесі көгеріп, ерні қанталап, мұрнынан қан кеткен дейді мамандар.
«Энергетикалық сусындардың арқасында бауырдың функциясы бұзылған. Бауырда қан ұю факторлары түзіледі. Сондай синдроммен бала бізге түскен. «Витамин К» бердік. Функциялары жөнделді. Анализдерінің барлығы қалпына келді», - дейді №2 Қалалық балалар ауруханасы Гематология бөлімінің меңгерушісі Ұлжалғас Өскенбаева.
Дәрігерлер бұл энергетикалық сусын қуатты сырттан қоспайды, адам бойындағы энергияны қоздырады деп отыр. Мөлшерінен асқанда, салдары бірден байқалады.
«Организм демалмай, максималды түрде жұмыс істейді. Салдарынан организмдегі резервтер сарқылып, өлім-жітімге әкеледі», - деді дәрігер Бақытжан Бейімбетов.
Өнімнің құрамындағы химикаттар ер азаматтың бойындағы қуатты әлсіретеді. Яғни, энергетикалық сусын адамды ұрпақсыз қалдыруы мүмкін. Уролог-дәрігерлер осылай деп дабыл қағып отыр.
«Қазір тұтынатын жастар өте көп. Күнде болмаса да, күн аралата кеп тұрады. Оны бізге бірден айтпайды. Маған көлік жөндеуші жігіт келді. Айтуынша, үйленгеніне 2 жыл болған. Бірақ жүктілік болмай жатыр. Күнделікті энергетикалық сусын ішеді екен. Жыныстық гармондарды тежеп ғана қоймай, оның үстіне ұйықтамайды», - дейді уролог-дәрігер Азамат Сандыбайұлы.
Сергіткіш сусынның осындай зиянды жақтарын ескерген Денсаулық сақтау министрлігі оған шектеу қою туралы ұсынысты күн тәртібіне шығарған. Алдағы уақытта энергетикалық сусынды жасөспірімдерге сатуға тиым салынуы мүмкін.
«Қазіргі таңда біз осы энергетикалық сусындарды жасөспірімдерге сатуға шектеу туралы талқылап, қаралуда. Қазір біз әзірлеп жатырмыз бұл құжатты. Ол реттеушілік-талдау деп аталатын құжат. Оны дайындап болған соң, қоғамдық тыңдаулар өткіземіз», - дейді ҚР ДСМ Денсаулық сақтау және оңалту басқармасының басшысы Әлия Бекжанова.
Энергетикалық сусынның 1 құтысында 20 ас қасық қант, 1 ас қасық кофеин және дәмін құбылтып, еліктіріп жіберетін түрлі концентраттар бар. Уақытша қуат береді. Алайда уақыт өте келе қуатыңыздан бір жола айырылып қалу қаупін де тудырады.
19 қыркүйек 2023 ж. 234 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 74

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 69

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930