Ардагерлерге арналған бір күн

Осы орайда бүгін аудандық партия филиалына қарасты «Шипагер» бастауыш партия ұйымының мүшелері «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында ардагерлерге бір күндерін арнады. Ақ халаттылар ардагерлердің үйлеріне барып, денсаулықтың күтіміне байланысты медициналық көмектер көрсетіп, кеңестер берді.
Шара аясында аманаттықтар Ұлы Отан соғысының ардагері Тілеуберген Тобаберген ақсақалдың шаңырағына арнайы барды.
Өз кезегінде ардагерлер қарттарға құрмет көрсетіп, қолдау танытып жатқандары үшін партиялықтарға және арнайы уақыттарын арнап қызмет жасаған медицина мамандарына ризашылықтарын білдірді.
#AMANAT