Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздегі балаларды сапалы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту көрсеткіші 91,5%-ға жетті

Еліміздегі балаларды сапалы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту көрсеткіші 91,5%-ға жетті

Фото - ашық дереккөзден
Еліміздегі балаларды сапалы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту көрсеткіші 91,5%-ға жетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Оқу-ағарту министрлігінің дерегінше, қалалар мен ауылдық жерлер арасындағы білім беру мүмкіндіктеріндегі алшақтықты азайту үшін жаңа оқушы орындары енгізілуде, жыл сайын 1 мың ауыл мектебі жаңғыртылады және роботты техника, химия, биология, физика және STEM-зертханалар бойынша заманауи пәндік кабинеттер сатып алынады.

Сондай-ақ мамандандырылған білім беру мекемелерінің желісін кеңейту шаралары жалғасуда. Инклюзивті білім беруге жағдай жасаған мектептердің үлесі 88%-ға дейін артты, ал балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамту 80%-ға жетті. Инклюзивті білім беруді қамтамасыз ету үшін қосымша критерийлер әзірленді.

Колледж студенттерінің тұрғын үй жағдайы жақсаруда. Еліміздің өңірлерінде 2,6 мың төсек-орынға арналған 11 жаңа жатақхананың құрылысы жүргізіліп жатыр, бұл студенттердің 85%-дан астамын үй-жаймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
25 шілде 2024 ж. 554 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31