Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үкімет Президент сайлауына қажетті қаражатты бөлуді бастады

Үкімет Президент сайлауына қажетті қаражатты бөлуді бастады

Жалпы, сайлауды өткізуге 20,5 млрд теңге көзделген.ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов кезектен тыс Президент сайлауына бөлінген қаражат қайда жұмсалатынын түсіндірді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
«Жалпы, сайлауды өткізуге 20,5 млрд теңге көзделген. Бұл қаражат қазіргі уақытта бекітілді. Үкімет резервінен қаражат бөлініп жатыр.
Оның негізгі бөлігі - 16,8 млрд теңгесі немесе 80 пайыздан астамы жалақы төлеуге жұмсалады. Жергілікті жерлерде сайлау учаскелері құрылады, олардың мүшелері болады. Және де жалақының мөлшері ең төменгі үш айлық көлемінен аз болмау тиіс. Ол 180 мың теңгені құрайды. Яғни, бөлінген қаражаттың басым бөлігі жалақыға жұмсалады», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Сонымен қатар ол аталған қаражат бюллетень шығаруға, көлік шығыстарын жабуға жұмсалатынын айтты.
«Бәрін қосқанда 20,5 млрд теңге шығады. Қаражат негізінен Орталық сайлау комиссиясына беріледі. Қателеспесем, бір бөлігі Сыртқы істер министрлігіне бағытталады», - деді Ержан Біржанов.
29 қыркүйек 2022 ж. 338 0

Атышулы оқиға ақиқаты

15 сәуір 2025 ж. 119

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930