Қазақстан мен Өзбекстан жаңа әуе қатынасын ашты
Фото: biletik.aero
Қазақстан мен Өзбекстанның әуе кеңістігі арқылы өтетін Т916 жаңа бағыты ашылды. Бұл Еуропадан Оңтүстік-Шығыс Азияға ұшуға арналған қосымша бағыттардың бірі, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.
Бағыт ашылғаннан бері Еуропадан Оңтүстік-Шығыс Азияға 19 рейс жасалды, бірақ жазғы маусымның соңына қарай оны пайдалану мүмкіндігі өседі, өйткені пайдаланушылар жаңа жолды игеру үшін біраз уақыт алады.
"Жаңа бағытты Lufthansa Cargo (Германия), Cargolux (Люксенбург), Cargolux Italy (Италия), Nomad aviation (Швеция), Western Global Airlines(АҚШ), Aerologic Cargo Airlines (Германия) сияқты авиакомпаниялары пайдаланды. Т916 әуе жолының жалпы ұзындығы 2187 км құрайды, оның ішінде 437 км борттар Өзбекстан Республикасының әуе кеңістігін пайдаланады, қалған 1750 км Қазақстан Республикасының аумағынан өтеді. Айта кету керек, жаңа бағыт Өзбекстан Республикасының авиакомпаниялары мен аэронавигациялық провайдерінің ұсынысы бойынша ашылды. Бұған дейін бұл бағыт ИКАО – ның таңдаулы бағыттарының каталогына енгізілген болатын",-деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
"Қазаэронавигация" РМК мамандарының айтуынша, жаңа әуе жолы шетелдік авиакомпаниялар үшін қазақстандық аспанның тартымдылығын арттырады, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан өңірлік әуе қозғалысына қызмет көрсету орталығының авиадиспетчерлеріне жүктемені азайтуға көмектеседі.