Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мақсат – айқын, міндет – бір

Мақсат – айқын, міндет – бір

Жақында Қазақстан Рес­публикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мұрат Ергешбаев пен Мұрат Әбенов ауданға жұмыс сапарымен келді. Аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбетпен бірге Әйтеке би кентіндегі бірқатар нысандарды аралады.

Алдымен Әйтеке би кентіндегі жеке кәсіпкер Ырысты Бақдаулет Шәмілдің жиһаз және пластик есік-терезе өндіру цехының жұмысымен танысты. Кәсіп­кер «Іскер» бағдарламасы арқылы 4 миллион теңге және «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы арқылы мемлекет тарапынан 15,5 миллион теңге қаржы алып, кәсібін жүргізіп келеді. Бүгінде өндіріс орнында 4 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.
Одан соң Мәжіліс депутаттары «Ауыл аманаты» жобасы аясында 6,509 миллион теңге қаржы алып, өз кәсібін жүргізіп отырған Толқын Бижанованың «Tolkin tattileri» кон­дитерлік цехының жұмысын көрді. Қазір цехта 4 адам жұмыс істейді. Мұнда ұннан жасалған түрлі тәттілер жасалып, аудан тұрғындарына тиімді бағада ұсынылуда.
Мәжіліс депутаттары жұмыс сапары аясында аудан жастарымен де кездесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Аудандық білім бөлімінің ғимаратында өткен кездесуде депутаттар Парламент қабырғасында қабылданып жатқан заң жобаларына, оның ішінде ойын бизнесі, лотерея қызметі және лудоманияға қатысты заңдардың мән-маңызына тоқталып, жастарды толғандырған түрлі сауал­дарға жауап берді.
Одан соң Әйтеке би кентіндегі «Жеңіс» саябағына барып, орталық саябаққа жүргізілетін абаттандыру жұмыстарының жобасымен танысты. Бұл жөнінде аудан әкімі депутаттарға саябақ ішіндегі ойын және спорт алаңдары, бассейін және басқа да тұрғындардың бос уақыттарын тиімді өткізу бағытында салынатын түрлі нысандардың жобаларын арнайы әзірленген эскиз арқылы таныс­тырып өтті.
Айта кеткен жөн болар, Мәжіліс депутаттары жұмыс сапары барысында Майлыбай елді мекеніндегі жеке кәсіпкер Есет Серімовтің түйе шаруашылығындағы жұмысын көріп, шаруашылық иесімен тілдесіп қайтты.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
13 шілде 2024 ж. 240 0

Жасыл орман жайқалса...

12 шілде 2025 ж. 127

Еңбегі еселі ер

12 шілде 2025 ж. 126

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031