Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық банк бірнеше қызметтің бағасы өскенін мәлімдеді

Ұлттық банк бірнеше қызметтің бағасы өскенін мәлімдеді

Бұл туралы үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды baq.kz
Банк төрағасының мәлімдеуінше, тңге бағамы тамыздағы әлсіреуіне қарамастан, жыл басынан бері 1 доллар үшін 459,39 теңгеге дейін 0,7%-ке нығайды. Өткен айда теңгенің 3,0%-ке әлсіреуі доллардың жаһандық нығаюына байланысты болды.
Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансфертті қамтамасыз ету аясында валюта сату теңге бағамына оң ықпал етті. Оның тамыз айындағы мөлшері 770 млн долларға жетті. Валюта бағамына квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімді міндетті түрде сатуы жөніндегі норманы тамыз айында тоқтата тұруы да әсер етті. Тамызда бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 240 млн долларға валюта сатып алынды. Ұлттық банк еркін бағам белгілеу режимін ұстанады және валюталық интервенциялар жүргізбейді, - деді Тимур Сүлейменов.
Сондай-ақ Сүлейменовтың айтуына қарағанда, тұрғын үй коммуналдық қызметтер тарифінің өсуіне байланысты ақылы қызметтер инфляциясы жеделдей түсті.
Тарифтер тамызда 6,1%-ке, жылдық көрсеткіште – 13,9%-ке өсті. Сонымен қатар халықтың тұрақты сұранысына байланысты реттелмейтін қызметтердің бағасы өсімін сақтап қалып отыр. Оның ішінде – қалалық автокөлікпен жол, ұялы байланыс қызметтері мен жалдау ақысы, - деп мәлімдеді ол Үкімет отырысында.
13 қыркүйек 2023 ж. 279 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031