Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазгидромет 12 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады

Қазгидромет 12 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады

Фото: Kazinform
Синоптиктер Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.
Еліміздің көп аймағында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен күн күркіреп, жаңбыр жауады. Батыста, солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста бұршақ жауып, екпінді жел соғады.

Батыста, солтүстік-батыста, республиканың оңтүстік-шығысындағы тауларда бұршақ жаууы мүмкін. Нөсер жаңбыр күтілуде.
Тек республиканың солтүстігі мен шығысында антициклон екпінімен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша жел күшейеді, түнде және таңертең еліміздің солтүстігі мен шығысында тұман түседі.

Күндіз Алматы, Қызылорда облыстарында, Жетісу облысында қатты ыстық болады.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, Атырау облысының орталығында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, батысында, Ақтөбенің оңтүстік-шығысында, батыс аймағында, Жамбыл облыстарының шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Сондай-ақ Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының батысында, солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының орталығында, Қостанайдың оңтүстігінде, Атырау облыстарының оңтүстік-шығысында да жоғары өрт қаупіне қатысты ескерту жасалды.
12 шілде 2024 ж. 126 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 117

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 115

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 112

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 99

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930