Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Несие беруге қатысты жаңа ереже қандай және қашан бекітіледі?

Несие беруге қатысты жаңа ереже қандай және қашан бекітіледі?

Фото: Midjourney
"Ашық НҚА" порталында жеке тұлғаға банктік қарыз немесе микрокредит беруге жұбайының (зайыбының) келісімін алу қағидаларын бекіту туралы қаулының жобасы жарияланды, - деп хабарлайды корреспондент Tengrinews.kz.

Жұбайының келісімінсіз несие алуға тыйым 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енеді.
Несие мөлшері

1000 еселенген айлық есептік көрсеткіш (АЕК) және одан да көп мөлшерде несие алу үшін жұбайының келісімін алу қажет болады. 2024 жылы бұл - шамамен 3,7 миллион теңге.

Рұқсат қалай рәсімделеді?

Несие алуға жұбайының рұқсаты қағаз түрінде де, электрон түрде де берілуі мүмкін.

Қағаз түрінде ресімделген келісімге қарыз алушының жұбайы немесе нотариалды куәландырылған сенімхат негізінде әрекет ететін оның уәкілетті өкілі қол қояды.

Электрон түрде ресімделетін келісім кредит беретін ұйымның (банк немесе микроқаржы ұйымы) бағдарламалық қамтамасыз етуі арқылы не E-gov порталы арқылы беріледі. Бұл жағдайда биометриялық сәйкестендіру қажет.

Электрон түрде берілген келісімді қарыз алушының жұбайы осындай келісімді алған күннен бастап 48 сағат ішінде электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы куәландырады.

Рұқсатта не көрсетілуі керек?

Несие рұқсатында мыналар көрсетілуі керек:

рәсімделген күні;
рұқсат берілген тұлға туралы мәліметтер: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН;
несие туралы мәліметтер: сомасы, мерзімі, пайыздық мөлшерлемесі.
Қаулы жобасы 10 шілдеде жарияланып, 24 шілдеге дейін талқыланады
11 шілде 2024 ж. 252 0

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 28

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 30

Рухани шамшырақ иесі

21 қазан 2025 ж. 28

Мал баққанға бітеді

21 қазан 2025 ж. 26

Ұйқыдағы үрей

21 қазан 2025 ж. 26

Алма ауызға түспейді

21 қазан 2025 ж. 24

Орманға қорған

20 қазан 2025 ж. 41

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031