Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кредит алуды шектейтін қызмет

Кредит алуды шектейтін қызмет

Енді eGov mobile мобильді қосымшасында және eGov.kz порталында несие алудан ерікті түрде бас тартуға өтініш беруге болады. Яғни әрбір қазақстандық өз еркімен несие мен микроқарыз рәсімдеуге тыйым сала алады.
Қызметке азаматтың тек өзі­нің өтініш беруге мүмкіндігі бар. Несие мен микроқарызды рә­сімдеуге ты­йым салу 6 айға бел­гіленеді және мерзімі өткеннен кейін автомат­ты түрде алынып тасталады.
Сондай-ақ бұл шектеулерді кез келген уақытта алып тастауға болады. Ол үшін банктік қарыз­дарды алудан ерікті түрде бас тарту қыз­метін мерзімінен бұрын тоқ­татуға өтінім беру қажет.
«Бұл функция ең алдымен, адам­­дардың қауіпсіздігі үшін іске қо­­сылды. Біз осы арқылы ел азаматтарын қарызды заң­сыз рәсімдеуге тырысатын алаяқ­тар­дан қорғап, кө­мектескіміз келеді», деп жазды Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнер­кәсібі министрі Бағдат Мусин өзінің Facebook-тегі жеке парақ­шасына.
Айта кетейік, дәл осындай сервис Бірінші несие бюросының сайтында ақылы негізде қолжетімді. Электронды үкімет порталында өтінім берген кезде кредиттерді алудан ерікті түрде бас тарту тегін жүзеге асырылады. «Біз Бірінші несие бюросы мен Электронды үкіметтің жүйелерін біріктірдік. Яғни, бұрын азаматтарымыз бюро арқылы өтініш беретін болса, ал енді несиеден бас тартуды eGov.kz аясында рәсімдей алады. Қазір бұл функция қолжетімді», деп нақ­тылады министр.
Қарыз алудан ерікті түрде бас тарту сервисі eGov.kz mobile мобильді қосымшасының бас­ты бетінде, «Танымал қызметтер» бөлімінде қолжетімді. Осыған ұқсас қызметті eGov.kz порта­лын­дағы «Аза­маттарға» – «Кеден және салық­тар» – «Экономика және қар­жы» бөлімінен алуға болады.
«Бұл сервис жеке тұлғаның банк­тік қарыздар мен микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тартуды жою құқығын бекітуді және қарыз алушының кредиттік тарихында несие алудан ерікті түрде бас тарту туралы ақпарат болған кезде жеке тұлғаға несие беруге банктер мен микроқаржы ұйымдары үшін тыйым салуды көздейтін заңнамалық актілерге әзірленген түзетулер шең­берінде іске асырылғанын атап өткім келеді. Сервиске Цифр­лық даму, инновациялар және аэро­ғарыш өнеркәсібі министрлігі Мем­ле­кеттік көрсетілетін қызметтер ко­митетінің, Бірінші несие бюроның және «Ұлттық ақпараттық тех­но­­­логиялар» акционерлік қоға­мы ақпараттық жүйелерінің интег­­рациясы нәтижесінде қол жеткіздік», деді министр.
04 қыркүйек 2023 ж. 143 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 88

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930