Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Коммуналдық қызмет шығыны бір жылда 11%-ке өсті

Коммуналдық қызмет шығыны бір жылда 11%-ке өсті

© Sputnik / Владислав Воднев
Қазақстандық отбасылардың коммуналдық қызметтерге, тұрғын үйді күтіп ұстауға және жөндеуге жұмсаған шығындары бір жылда 11%-ке өсті, деп хабарлады Energyprom.kz.
"Биылғы жылдың бірінші тоқсанында қазақстандықтар коммуналдық қызметтерге, тұрғын үйді ұстауға және жөндеуге орта есеппен 59,6 мың теңге жұмсады, бұл өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 10,8%-ке көп", - деп жазылған хабарламада.
Әсіресе елорда тұрғындарының шығыны көп, олар 103,7 мың теңге жұмсайды. Бұл өткен жылғы қаңтар - наурызбен салыстырғанда 6,5%-ке және ел бойынша орташа көрсеткіштен 73,8%-ке артық.
Сондай-ақ Алматы мен Қарағанды облысының тұрғындары да үй шаруашылығына қаражатты көп жұмсайды. Ал коммуналдық қызметтер, тұрғын үйді күтіп ұстау және жөндеу үшін Абай, Шығыс Қазақстан және Атырау облыстарының тұрғындары ақшаны ең аз жұмсайды.
Биыл мамырда үй қызметтеріне, суға, электр энергиясына, газға және басқа да отын түрлеріне баға бір айда 0,9%-ке, ал бір жылда 17,6%-ке өскен:
қоқыс шығару қызметтері - 6,1%;
электр энергиясының құны - 1,8%;
тұрғын үй-жайларға қызмет көрсету және жөндеу қызметтері - 1,7%;
су бұру қызметтерінің құны - 0,2%-ке өсті.
Бір жылда:
су бұру қызметтері - 43,9%;
суық су - 35,9%;
ыстық су - 35%;
жылыту - 33%;
электр энергиясы 31,4%-ке қымбаттады.
09 шілде 2024 ж. 249 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 116

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 171

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031