Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде азық-түлік тауарларының бағасы бір айда 0,9%-ға өсті

Елімізде азық-түлік тауарларының бағасы бір айда 0,9%-ға өсті

Бір айда (2021 жылғы қараша 2021 жылғы қазанға) баға азық-түлік тауарларына – 0,9%, азық-түлік емес тауарларға – 1%, ақылы қызметтерге 0,3% жоғарылады. 
Бұл туралы  Ұлттық Статистика бюросы хабарлады.
Бағаның өсуі жаңа жиналған көкөністерге – 8,3%, жұмыртқаға – 2,1%, ұнға – 1,5%, шошқа етіне – 1,1%, пастерленген сүтке, жармаларға, макарон өнімдеріне – 1%-дан, тоқаш және ұн өнімдеріне – 0,9%, нанға, құмшекерге, шұжық өнімдеріне, жылқы етіне – 0,8%-дан, құс етіне 0,7% байқалды. Темекі өнімдері – 1%, алкогольді сусындар 0,5% қымбаттады. Бағаның төмендеуі картопқа – 1,4%, жаңа жиналған жемістерге 0,6% тіркелді.
Баға дизель отынына – 14,6%, баллондағы сүйытылған газға – 13,6%, тас көмірге – 3,7%, бензинге 2,4% өсті. Баға өсімі тоқыма бұйымдарына – 0,9%, фармацевтикалық өнімдерге 0,7% құрады.
Тұрғын үйді жалға беру үшін төлем 1,4% өсті. Баға деңгейі мәдени іс-шаралар саласындағы қызметтеріне – 0,7%, денсаулық сақтау қызметтеріне 0,4% жоғарылады.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер ыстық суға – 3,5%, қоқыс шығаруға – 1,3%, электр энергиясына 0,5% өсті, ал орталықтан жылытуға 1,3% төмендеді.
         baq.kz
03 желтоқсан 2021 ж. 247 0

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 88

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930