Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Коммуналдық қызметтер 3% қымбаттаған

Коммуналдық қызметтер 3% қымбаттаған

Биылғы жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша елімізде орташа жалақы 251,5 мың теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6% -ға көп, деп хабарлайды inbusiness.kz finprom.kz-ке сілтеме жасап. 
Инфляцияны ескерсек, халықтың сатып алу қабілетінің нақты өсуі 10,4% құрады. Сатып алу қабілетінің өсуі, басқаларымен қатар, коммуналдық қызметтер бағасының қолжетімді болуына байланысты. Осылайша, коммуналдық қызметтерге бағаның жыл сайынғы өсімі биылғы жылдың екінші тоқсанында небәрі 3,5%-ды құрады. Оның ішінде, тарифтері мемлекетпен реттелетін коммуналдық қызметтер құнының өсуі тек 3%.  Айта кететіні биылғы жылдың бірінші тоқсанында коммуналдық қызметтер құнының жылдық өсімі 1,7%-ды құрады, оның ішінде мемлекетпен реттелетіні 0,2%. Өткен жылдың соңғы тоқсанында коммуналдық қызметтердің жалпы құнының өсуі 2,8%-ды құрады, реттелетін - 1,7% (реттелмеген - 5,1%). Тұтастай алғанда, 2021 жылдың екінші тоқсанында тұрғын үй, су, электр энергиясы, газ және басқа да отын тарифтерінің жыл сайынғы өсімі 5,4%-ды құрады.  Жалпыға ортақ реттелетін коммуналдық қызметтердің арасында суық су бағасының айтарлықтай қымбаттағанын байқауға болады (жылына 5,7%). Сонымен қатар, газдың бағасы, 0,9%-ға өсті, ал жылыту, керісінше, 0,9%-ға төмендеді.  Салыстырмалы түрде алсақ мемлекет реттемейтін тұрғын үй қызметтері түрлерінің ішінде қоқыс шығару бір жыл ішінде 15,8%-ға, домофон - 3,3%-ға, тұрғын үйді күтіп ұстау және жөндеу бойынша қызметтер 7,3%-ға қымбаттады.  Ал биыл жылдың бірінші тоқсанында жалақының жылдық өсімі 15,2%, инфляцияға бейімделген сатып алу қабілеті - 7,4%, коммуналдық қызметтердің құнының өсуі - 1,7%, тұрғын үй қызметтері бағасының өсуі: су, жарық, газ және отынның басқа түрлері - 3,6%-ды құрады. 2019 жыл мен 2020 жылдың бірінші тоқсанында су, жарық, газ тарифтері төмендеген. 


07 қыркүйек 2021 ж. 596 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 67

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930