Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сайлау жарияланғалы бері кибершабуылдар күшейді – президент

Сайлау жарияланғалы бері кибершабуылдар күшейді – президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс президент сайлауы жарияланғалы бері елімізге кибершабуыл күшейгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ақорда.
Президент сайлау науқаны кезінде ел мүддесіне кереғар пікір айтатын, тіпті, жалған ақпарат тарататын адамдар пайда болуы мүмкін екенін ескертіп, халықты сақ болуға үндеді.
Тоқаев соңғы күндері Қазақстанға жасалып жатқан кибершабуылдарды алдағы кезектен тыс президент сайлауымен байланыстырды.
"Сайлау жарияланған соң түрлі жалған деректер, ақпарат, яғни фейктер таратылып, кибершабуылдар күшейді. Бұл жайдан жай емес. Кейбір күштер шетелден осындай әрекеттерді ұйымдастырып, ел ішіне іріткі салуды көздейді. Олар Қазақстанда оң өзгерістерге кедергі жасағысы келеді. Бірақ біз бағытымыздан таймаймыз", - деді ол Абай облысының жұртшылығымен кездесуінде.
Айтуынша, биыл жазда өткен референдум нәтижесі бағдарымыздың дұрыстығын көрсетті. Жұртшылық Ата заңға ұсынылған өзгерістерді қолдады. Конституциялық реформа саяси жаңғыру жолындағы маңызды қадам болды.
"Билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік нығая түсті. "Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет" қағидаты орнықты. Бұл Президенттік Республика болады деген сөз. Расында, ел басқаратын президент құзырлы, күшті болуы керек. Әйтпесе, кейбір басқа елдердегі сияқты тәртіпсіздікке ұшырауымыз мүмкін. Ал, ондай жағдай халқымызға қасірет әкеледі", - деп санайды Тоқаев.
Мемлекет басшысы келесі жылы мәжіліс пен мәслихат депутаттары аралас жүйе бойынша сайланатынын еске салды.
Ал өңір басшылары баламалы жолмен таңдалады. Ауыл әкімдерін тікелей сайлау тәсілі енгізілді.
Сонымен қатар саяси партияларға заң жүзінде тың мүмкіндіктер берілді. Жұрттың мемлекетті басқару ісіне атсалысуына жол ашылды, деді президент.
Айта кетері, бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Абай облысына барды.
Еске салсақ, жуырда Мемлекеттік техникалық қызмет бірнеше күннен бері қазақстандық интернет сегменіне кибершабуылдар жасалып жатқанын хабарлады.
Ведомство мәліметінше, мақсатты кибершабуылдар елдің мемлекеттік органдарына және Қазнеттің инфрақұрылымына бағытталған. Кибершабуыл салдарынан интернет байланысының нашарлауы байқалады.
30 қыркүйек 2022 ж. 190 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 99

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930