Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елдегі ахуал тым мүшкіл деп баға беру дұрыс емес – Тоқаев

Елдегі ахуал тым мүшкіл деп баға беру дұрыс емес – Тоқаев

Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы қоғамда оң өзгерістер болу үшін отандастарымыз қажырлы еңбек етуі керек екенін алға тартты. Елдегі кемшіліктерді түзеу үшін жұмыс жасалып жатқанын да атап өтті.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Ұлтымыз қарқынды дамуы үшін қазіргі өзекті проблемалар жөнінде шынайы көзқарас қалыптастырып, ашық пікір алмасу маңызды. Бізге алдамшы жеңістер мен жетістіктерге әуестеніп кетудің қажеті жоқ. Өз-өзіңді алдауға, мадақтауға болмайды. Бұл – ыдырауға және құлдырауға әкеп соқтыратын төте жол. Сонымен қатар сөз бостандығына арқа сүйеп, елімізде ештеңе өзгермейді-мыс, ахуал мүшкіл деп жағдайды үнемі ушықтыра беру қажет емес. Бұл шындыққа сай келмейді. Кемшіліктер бар, бірақ жағдай тым мүшкіл емес”, – дейді Тоқаев.

Оның айтуынша, мұндай ақпараттар адамдарға көмектеспейді, керісінше, оларды күйзеліске ұшыратып, қоғамда апатия тудырады.

“Оң өзгерістер – көбіне күнделікті қажырлы еңбекті талап ететін дамылсыз жұмыстың нәтижесі. Ол сырт көзге байқала бермейді. Біз бұл жұмысты жалғастырамыз. Өйткені бұл – мемлекеттік стратегияның маңызды бөлігі. Біз Әділетті Қазақстан құруға ұмтыламыз. Бұл – бос идеологиялық абстракция емес, шынайы жалпыұлттық таңдау. Біз зор сенім артып, күш-қуатымызды аянбай жұмсайтын асқақ мұрат түбі шындыққа айналады", – деді мемлекет басшысы.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі реформалардың сөзбен емес, іспен жүзеге асырылатынын айтты.

“Әділетті Қазақстанды кемеңгер көсемдер, аңыздағы қаһармандар емес, қарапайым еңбеккерлер мен адал азаматтар құрады. Осындай адамдарды жан-жақты насихаттау қажет. Заманымыздың нағыз батырлары және ұлтымыздың сенімді тірегі – осындай адамдар. Мемлекеттің қуаты – халықта, ал халықтың қуаты жасампаз күш-жігерде және отаншылдықта. Сондықтан еліміздегі барлық ауқымды өзгерістер адамға, оның қарым-қабілетін толық ашуға бағытталған”, – дейді Тоқаев.

Мемлекет басшысы еліміздегі өзгерістердің қаншалықты маңызды екеніне тоқталды.

“Біз үшін реформалардың өзі ғана емес, түпкі мәні маңызды. Біздің реформаларымыз қызыл сөзге емес, нақты іске негізделген. Басты мақсат – азаматтарымыздың болашаққа деген сенімін нығайтып, әл-ауқатын арттыру. Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамда Заң мен тәртіпті орнықтыру үдерісінде атқаратын рөлі айрықша. Бұл – елімізде жүргізіліп жатқан жаңғыруларға негіз болатын қағидаттардың бірі", – деді президент.

Бұған дейін Тоқаев атом электр станциясы бойынша референдум биыл күзде өтетінін айтқан еді.
27 маусым 2024 ж. 255 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 41

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 128

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 121

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031