Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қасым-Жомарт Тоқаев кен өндірісіндегі жұмысшылар қазасының көбейгеніне байланысты шара қабылдауды тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев кен өндірісіндегі жұмысшылар қазасының көбейгеніне байланысты шара қабылдауды тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауында елімізде кен өндіру кәсібінде жұмысшылардың өндірісте мертігуі және қазаға ұшырауы көп болып кеткенін алға тартты. Президент үкіметке осыған орай батыл шаралар қабылдауы қажет екенін ескертті. Бұл туралы stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Перзидент Қазақстанда кен өндіру өнеркәсібі жақсы дамып жатқанын алға тартты. Айтуынша осы сала ұлттық экономиканың өсімін қамтамасыз ететін сенімді табыс көзі болып келеді және болашақта да солай болуға тиіс.
“Көптеген металдың әлемдік нарықтағы бағасы бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Соған қарамастан ірі өндіріс орындарына жақын тұратын жұрттың наразылығы күшейіп барады. Олар экология нашарлап, денсаулыққа зиян келтіріп жатқанын айтып, шағымдануда.
Жұмысшылардың өндірісте мертігуі және қазаға ұшырауы көп болып кетті. Үкімет кәсіпорындардың технологиялық және экологиялық ахуалын, денсаулық сақтау жүйесін жақсарту үшін батыл шаралар қабылдауы қажет. Сондықтан ірі өндіріс кәсіпорындары 5 жыл сайын технологиялық және экологиялық аудит жасауы керек. Бұл талап инфрақұрылым саласындағы кәсіпорындарға да қойылуға тиіс", – деді Тоқаев.
01 қыркүйек 2023 ж. 220 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 151

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 120

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 106

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 112

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 106

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031