Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Күзгі жиын-терін: фермерлер дизель отынын арзанға сатып алады

Күзгі жиын-терін: фермерлер дизель отынын арзанға сатып алады

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер дизель отынын қазіргі бөлшек сауда бағасынан 14,8%-ке арзанға сатып алады, деп хабарлайды энергетика министрлігі.
Энергетика министрлігі ауыл шаруашылығы министрлігінің және әкімдіктірдің өтінімдері негізінде күзгі жиын-терін жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 426 мың тонна дизель отынын бөлді.
Энергетика министрлігінің фермерлерге ұсынған бағасы тоннасына 284 мың теңге, мұнай өңдеу зауыттарында 1 литр үшін 239 теңге.
Дизель отынын жеткізетін өңірлік операторлардың жеткізу өңіріне және шығыстарына байланысты фермер үшін орташа баға 1 литр үшін шамамен 257 теңгені құрайды.
Қазіргі уақытта жанар-жағармай құю станцияларында дизель отынының шекті бөлшек бағасы – бір литр үшін 295 теңге. Ал ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге күзгі жиын-терінге 14,8% немесе 38 теңге жеңілдік жасалады.
Қазақстанда күзгі жиын-терін жұмыстары шілде айынан қараша айын қоса алғанда жүргізіледі.
Энергетика министрлігі мұнай өнімдерін бөлу және фермерлерге дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік операторларды айқындау процесіне қатыспайды.
25 шілде 2023 ж. 306 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 116

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 171

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031