Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шаруа қожалықтары мемлекет қамқорлығында

Шаруа қожалықтары мемлекет қамқорлығында

Бүгінде ауыл шаруашылығы тұрғындарды азық-түлік өнімдерімен, ал өндірістік кешенді шикізатпен қамтамасыз ете алатын басты күш болып отыр.
«Агробизнес – 2020» бағдарламасы шеңберінде мемлекет тарапынан көрсетіліп жүрген қолдау ауданымыздағы агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және ауыл шаруашылығы саласының дамуына тиімділігі аса зор.
Егіншілік саласына байланысты 2019 жылы 248151343 теңге субсидия төленді. Оның ішінде минералды тыңайтқышқа 100474330 теңге бөлінді.
«Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі бұйрығына орай Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы 9 сәуірдегі қаулысымен сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына арналған субсидия ережесіне сәйкес нарықтағы ең төменгі бағасының 50 проценті төленді.
«Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидалары бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы бұйрығы мен Қызылорда облысы әкімдігінің қаулысымен сатып алынған тұқымға 10963714 теңге қарастырылды. Бекітілген талап күріштік алқап шығындарын жабуға қолданылумен бірге жүгері дақылына 50 процент төленді.
Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы бұйрығы бойынша күріш дақылына пайдаланылған судың 50 % субсидиялау үшін 23404292 теңге қаралды.
Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидалары бекітілді. Осыған ­байланысты гербицидтердің, биоагенттердің кейбір түрлерінің нарықтағы ең төменгі құнының 50 проценті субсидияланды.
Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларына сүйеніп, күріштің 1 килограмына 3,5 теңгеден мемлекеттік қолдау көрсетілді.
Биылғы жылы да жоғарыда аталған субсидия түрлері бойынша шаруашылықтар Qoldau.kz сайты арқылы өтінімдерді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына тапсырып, қажетті мемлекеттік қолдауға ие болады. Қазір бұл орайда аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі қызу жұмыс атқаруда. Тиісті бөлім мамандарының айтуынша, биыл шаруа қожалықтары мемлекеттен бөлінетін субсидияны маусым айында ала алады.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
25 сәуір 2020 ж. 1 627 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 75

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 70

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930