Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан мен Қырғызстан әскерлерінің қатысуымен «Дала сұңқары-2024» оқу-жаттығуы басталды

Қазақстан мен Қырғызстан әскерлерінің қатысуымен «Дала сұңқары-2024» оқу-жаттығуы басталды

Фото: Қорғаныс министрлігі
Жамбылда «Дала сұңқары-2024» бірлескен тактикалық-арнайы оқу-жаттығуы басталды. Оған Қазақстан Құрлық әскерлері «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының тау қорықшысы полкінің әскери қызметшілері мен Қырғызстан армиясы әскери бөлімшесінің қызметкерлері қатысып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқу-жаттығудың салтанатты ашылу рәсімінде әскери қызметшілерді «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің штаб бастығы, оқу-жаттығу жетекшісі, полковник Нұрлан Кәрібаев құттықтады. Ол жаттығуға қатысушыларға оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындау барысында сәттілік тіледі.

Қырғызстан Қорғаныс министрлігінің атынан оқу-жаттығуды ұйымдастырғаны және жылы қабылдағаны үшін Қазақстанның әскери басшылығына жасақ командирі капитан Нұртай Талайбекуулу алғысын білдірді.

Бірлескен оқу-жаттығудың барлық кезеңдері мен элементтері «Теріс Ащыбұлақ» полигонында және Қаратау тауларының шатқалында өткізілетін болады. Аралас контингенттің басты мақсаты: жаттығу жоспары бойынша аймақтағы жағдайды тұрақсыздандыруға тырысатын шартты жауды тауып, залалсыздандыру. Жаттығу 28 маусымға дейін жалғасады,-делінген министрлік мәліметінде.
22 маусым 2024 ж. 279 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 34

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031