Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 10 ұлттық жоба мен екі мемлекеттік бағдарламаның күші жойылды

10 ұлттық жоба мен екі мемлекеттік бағдарламаның күші жойылды

Фото: gov.kz
Қаржы министрі Мәди Тәкиев Парламент палаталарының бірлескен отырысында мемлекеттік бағдарламалар мен ұлттық жобалардың іске асырылу деңгейіне тоқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Қазинформға сілтеме жасап.

«2022 жылдан бастап Үкімет жобалық басқарудың белгіленген өлшемшарттарына сәйкес келетін ұлттық жобалардың жаңартылған тізбесін айқындау жұмыстарын жүргізді. Бюджеттің мүмкіндіктері мен басымдықтарын ескере отырып, 3 ұлттық жоба қабылданды. Олар: "Жайлы мектеп“, "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту“, "Қолжетімді интернет“. Аталған жобаларды іске асыруға түрлі көздерден 625,2 млрд теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 536,4 млрд теңге бөлінді», – деді ол.

Министр қалған 10 ұлттық жоба мен 2 мемлекеттік бағдарламаның күші жойылғанын еске салды.

«Бүгінгі күннің өзекті тақырыбы – мемлекеттік борыш мәселесі. Халықтың ерекше назарындағы бұл сұрақ, депутаттық корпус тарапынан жиі көтеріледі. Атап өткенімдей, бүгінде барлық белгіленген борыштық ковенанттар сақталуда. Жүргізіліп отырған мемлекеттік борышты басқару саясаты белгіленген қаржылық шектеулер қатаң сақталып жүзеге асып жатыр. Сонымен қатар біз қабылданған міндеттемелердің ашықтығы мен айқындығын арттыру бойынша Жоғары аудиторлық палата бастамаларын назарға аламыз», – деді Мәди Тәкиев.
21 маусым 2024 ж. 156 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 42

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 128

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 121

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031