Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық жобамен салынатын нысандарға шығын лимитін бекіту ұсынылды

Ұлттық жобамен салынатын нысандарға шығын лимитін бекіту ұсынылды

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова Ұлттық жобалар аясында салынатын нысандардың әр шаршы метріне шығын лимитін бекітуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«2021 жылы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің өзгеруімен есте қалды – мемлекеттік бағдарламалардан ұлттық жобаларға көштік. Былтырғы күзден бастап Үкімет 10 Ұлттық жобаны іске асыруға кірісті. Оның бәрінде бюджеттік қаржыландыруға басымдық берілген болатын. Өкінішке қарай, ол жоспар орындалмады. Жобалардың 43 пайызы жеткілікті қаржыландырылған жоқ. Ал ең негізгі мәселелерді тиімді шешу үшін толық көлемде қаржыландыру қажет. Сондықтан Ұлттық жобаларды түзетіп, қаржылық мүмкіндіктерге сәйкестендіру керек. Білуімізше, Үкімет бұл жұмысты бастап та кетті», - деді Наталья Годунова Парламенттің бірлескен отырысында. Сонда-ақ ол Ұлттық жобалардың игілігін халыққа қалай жылдам жеткізуге болатынын атады. «Ұлттық жобалар іске асуы мүмкіндігінше қысқа мерзімге межеленуі керек. Сонда ғана онда қарастырылған шаралар бизнес пен халыққа жылдам жетеді. Типтік шешімдерден бөлек, бүкіл ел аумағында аймақтарға байланысты әлеуметтік және әкімшілік нысандардың 1 шаршы метрін салуға кететін шығынның лимитін бекіту қажет. Бұл бөлінген ақшаға көбірек нысан салуға мүмкіндік береді», - деді Есеп комитетітің басшысы.
20 маусым 2022 ж. 358 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 113

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 102

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 108

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930