Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » “Жасыл ел”: еңбекке баулыған бағдарлама

“Жасыл ел”: еңбекке баулыған бағдарлама

«Жасыл ел» – 2005 жылдан бастап жүзеге асырылып келе жатқан кешенді бағдарлама. Сол жылы Астана қаласында «Жасыл ел» Жастар еңбек жасағының Республикалық штабы құрылып, ұлан-ғайыр мекеннің барлық аймағында бөлімшелері ашылып, өз жұмысын бастап кеткен еді. Аталмыш бағдарлама 19 жыл ішінде көптеген жастың Отанға деген сүйіспеншілігін оятып, елімізді жасыл желекке айналдыру мақсатында олардың жалын-жігерін, күш-қуатын бір арнаға тоғыстыра алды.

«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген философияны өскелең ұрпаққа ұғындырып, жазғы демалыстарын босқа өткізбей, жұмыс істеп, қосымша қаржы табуға молынан мүмкіндік тудырды. Уақыт өткен сайын жалпыұлттық бастамаға үн қатып, қолдау білдіруші студенттердің, жалпы жастардың қатары Қазалыда да артып келеді.
Жыл сайын аудан жастарын жігерлендіру, уақытын тиімді пайдалануды мақсат еткен әртүрлі шарада белсенділік танытып жүрген Қазалы жастар орталығына биыл «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 110 квота берілген. Қазіргі таңда аудандық жастар орталығы жаз мезгілінің үш айына бөліп, талапшыл жастарды жұмысқа тартуда. Жас буынды еңбекке баулыған бағдарламаның басқа да жаңалықтарын білу үшін Қазалы аудандық жастар орталығының директоры Нұрбек Ақпанбетовпен хабарласқан едік.
– Биыл «Жасыл ел» бойынша Қазалы ауданына жақсы квота берілді. Қазір Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласында жасыл ел жасағы жұмыс жасап жатыр. Толығырақ айтсақ, қалада 7, ал кентте 28 жас. Олар кенттің көркейту-көгалдандыру жұмыстарын арнайы конкурс арқылы жеңіп алған мекеме қызметкерлерімен бірігіп жасауда. Жұмысшы жастарға бас киім, футболка сынды «Жасыл елдің» формасы да толықтай берілді.
Жалақысы да қанағаттырарлық десек болады. Яғни, 100 мың теңге. Міндетті төлемдерді есептегенде 85-86 мың теңге алады. Аталған жұмыс тамыз айының аяғына дейін жалғасады. Жұмыс уақыты негізгі тәртібі бойынша 8 сағат деп берілген. Бірақ жасы 18 толмаған немесе еңбекке жарамдылық қағазы бар жандардың жұмыс уақыты қысқарады. Жұмыстар маусым айының басында басталды. Жастар берілген жұмысты еш қиындықсыз, жауапкершілікпен атқарып жатыр. Алдағы күндерге де сәттілік тілеймін, – дейді жастар орталығының директоры.
Ауданда жастар саясаты қолға алынғалы көптеген игі бастамалар өз жемісін беруде. Осы саясатты іске асырудың негізгі міндеттерінің бірі – жастарды елжандылыққа тәрбиелеу, ішкі саяси тұрақтылықты нығайту. Аталған міндеттерді іске асыру мақсатында аудандық жастар орталығы кейінгі буынды патриоттық тәрбиелеу іс-шараларын да үзбей келеді. Орталық тарапынан жасалған шаралар жемісін берген болса керек, «Аудан жастары арасында қоқысты жәшіке тастау, көшеде жүру мәдениеті қалыптасып келеді» дейді кент тұрғыны Үрбибі Маханқызы.
– Көшеде қоқысты жәшікке тастау мәдениеті ауданда жақсы қалыптасып келеді. Ащы болса да айту керек, бұған дейін жауапкершілігін сезінбей жеген балмұздақ не шағылған шімішкі қабықтары, целофандарды кез келген жерге тастап кететіндер қатары көп тұғын. Әлі де бар, бірақ азайған. Ауданда «Таза Қазақстан» секілді тазалық акциялары жақсы нәтиже беруде. Енді міне, «Жасыл ел» еңбекшілер жасағы да қызу жұмысқа кірісіп, жастар жағы жауапкершілікті сезіне бастады. Тіпті, жастар көше бойында жатқан қоқысты еш қысылмай, ерінбей қолымен алып жәшікке тастауды да әдетке айналдырған. Жастарымызды тек осындай жақсылыққа тәрбиелер, еңбекке баулитын бағдарламар көп болғай. Алғысымды білдіремін, айналайын! – деді Үрбибі әжей.
Жастар – ұлт келешегі һәм қоғам айнасы. Оларға қарап ертеңгі күннің, болашақтағы қоғамның қандай болатынын болжаймыз. Сондықтан да олардың қызығушылығын қоғам игілігіне қарай бұру дұрыс дүние. Жалпы жастарды «Жасыл ел» секілді іске жұмылдыру жақсы құбылыс. Әсте, ата-бабамыз еңбек – бәрін жеңбек деп бекер айтпаса керек.

Серік АҚМЫРЗА
22 маусым 2024 ж. 220 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031