Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үкіметте телекоммуникация саласындағы жобаларды іске асыру мәселесі талқыланды

Үкіметте телекоммуникация саласындағы жобаларды іске асыру мәселесі талқыланды

Фото: ҚР Үкіметі
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен байланыс операторлары мен жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен өткен кеңесте телекоммуникация саласындағы жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ауылдық елді мекендерде байланыс желілерін орнату және Каспий теңізінің табаны арқылы талшықты-оптикалық желілерді тарту жобаларын іске асыру барысы қаралды. Сондай-ақ 5G желілерін дамыту және Мемлекет басшысының экономиканы ырықтандыру туралы Жарлығын орындау мәселелері талқыланды.

Кеңес барысында Роман Скляр жобалардың орындалу қарқынын және сапалы интернетке қосылуды жеделдетуді тапсырды. Әкімдіктер мен байланыс операторларына антенна-діңгек құрылыстарын орнату бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы тездетіп әзірлеу міндеті қойылды.

Деректерді тасымалдау мақсатында транзиттік әлеуетті арттыру үшін Каспий теңізінің табаны арқылы байланыс желілерін тарту және «Батыс – Шығыс» гипермагистралін салу жұмыстары жедел жүргізілетін болады.

Байланыс қызметтерін сапалы көрсету, интернеттің қолжетімділігі, сондай-ақ азаматтардың өтініштері бойынша кемшіліктерді жедел жою мәселелеріне ерекше назар аударылды.
29 мамыр 2024 ж. 143 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031