Қытайға қатынайтын әуе рейсі көбейеді
Фото: pixabay.comҚазақстан мен Қытай арасындағы әуе қатынасы кеңейедІ, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Екі ел аптасына рұқсат етілген рейстер санын 150-ден 180-ге дейін арттыруға келісті.
Сонымен қатар Қытайдың Чэнду және Қашғар қалаларын әуе бағыттарының тізіміне қосу жоспарланып отыр.
Көлік министрлігінің дерегінше, келісімдер тікелей рейстердің қолжетімділігін арттырып, жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға және екі ел арасындағы туристік әрі іскерлік байланысты дамытуға мүмкіндік береді.











