Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әуе билеттерінің бағасын негізсіз көтеруге қарсы шаралар жүзеге асырылады

Әуе билеттерінің бағасын негізсіз көтеруге қарсы шаралар жүзеге асырылады

Үкіметте Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте көлік, байланыс және отын-энергетика кешендеріндегі бәсекелестікті дамыту шаралары қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кеңес барысында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (БҚДА) төрағасы Марат Омаров экономиканың базалық салаларында негізгі тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі, Үкіметпен бірлесіп жүргізіліп жатқан жұмыстар және бәсекелестікті дамыту жөніндегі жарлықтардың жобаларын әзірлеу қажеттілігі туралы айтты.

Азаматтық авиацияны дамыту шеңберінде барлық тасымалдаушыларға «Ашық аспан» режимінің қолжетімділігін толық қамтамасыз ету және авиациялық отын жеткізу нарығында бәсекелестікті дамыту мәселелері пысықталатыны атап өтілді. Сонымен қатар динамикалық баға белгілеу жүйесі реттеліп, НҚА-дан «отын алымы» түсінігі алынып тасталады. Бұл билет бағасының негізсіз көтерілуіне жол бермейді.

Байланыс нарығының шеңберінде «Қазақтелеком» АҚ компаниялар тобын демонополизациялауды аяқтау, сондай-ақ 5G желісіндегі жиіліктерді ұсыну бойынша оларға иелік ететін компаниялардың аукциондарға қатысуын шектеу жоспарланып отыр.

Көмір нарығындағы бәсекелестікті дамыту аясында аймақтық операторларға коммуналдық-тұрмыстық көмірді тікелей жеткізуді ұлғайту және 2024 жылға қарай онымен биржалық сауда-саттық нормативін арттыру, сондай-ақ нарыққа баламалы жер қойнауын пайдаланушыларды жіберуді кеңейту жоспарланып отыр.

Премьер-министр энергетикалық көмір бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар кеңес барысында мұнай өнімдерінің көтерме сауда саласындағы барлық процестерді автоматтандыру (ЖҚС тарапынан түскен өтінімдерді онлайн тіркеу және т. б.), Бірыңғай электр энергиясын сатып алушының сатып алуларындағы ашықтықты қамтамасыз ету, ҚТЖ ұлттық операторы аясында жеке теміржол тасымалдарын дамыту, сондай-ақ тасымалдау процесін жоспарлау және басқару процестерін автоматтандыру жөніндегі шаралар талқыланды.

02 шілде 2023 ж. 283 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 158

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 124

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 110

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 117

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 110

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031