Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тозығы жеткен санавиация: 40 жылдан асқан ұшақтар ұшып жүр – Нартай Аралбайұлы

Тозығы жеткен санавиация: 40 жылдан асқан ұшақтар ұшып жүр – Нартай Аралбайұлы

www.istockphoto.com
Бұл туралы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, депутат Нартай Сәрсенғалиев Мәжіліс отырысында көтеріп, Премьер-Министр Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдады.

– Бүгінгі депутаттық сауалым, өлім аузында жатқан адамды әкелуге жұмсайтын санавиация саласына қатысты. Әсіресе, жарты ғасырлық ғұмыры бар әуе көліктері жайында болмақ. Өйткені біздегі жедел жәрдемнің өзіне жедел жәрдем керек секілді. Мысалы, мамыр айында Қостанай облысында санитарлық рейстің су үстінде төбесімен төңкерілгенін көпшілік көрді. Ал сол ұшақ – АН-2 санавиацияға тиесілі. Оның артын қазбаласаңыз, қаншама сырдың беті ашылады, – дейді депутат.

Нартай Сәрсенғалиевтің айтуынша, АН-2 ұшағы бізде сонау Кеңес кезінен қалған екен. Ұшақ негізі 1947 жылдан бастап шыққан.

– 2019-2023 жылдары санитарлық авиация желісінде 11 оқыс оқиға, 5 авиациялық оқиға тіркелген. Соның тең жартысы АН-2 ұшағының еншісінде екен. Соңғы төрт жылдағы ұшулардың 70 пайызы АН-2 және ЯК-40 ұшақтарымен жүзеге асқан. Шалғайда қалып, жаны мұрнының ұшына келген адамға көмектің кеш барғаны былай тұрсын, ескі-құсқы ұшақ құламай жеткеніне қуанасың. Қазір жұрт ажалым арудан емес, авиациядан келе ме деп қорқады. Себебі АН-2 санавиациядағы басқа әуе көліктеріне қарағанда 1-1,5 сағатқа ұзақ ұшады. Мысалы, АН-2 4 сағатта жететін жерге, ЕС-145 тікұшағы 2,5 сағатта жетеді. Соған қарамастан ескі ұшақтардың тарифі жыл санап өсіп барады. Мысалы, 2015 жылы АН-2 ұшағының 1 сағаттық ұшу тарифі – 219 250 теңге болса, былтыр – 328 мың теңгеге жеткен. Ал ең қызығы, 2023 жылы санитарлық авиацияға 11,9 млрд теңге жұмсалған. Одан авиация саласында не өзгерді, не толықты? Мысалы, 2023 жылы «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» шалғайдағы науқасқа жедел жету үшін 11 әуе компаниясымен шарт жасасқан. Одан не шықты? – деді депутат Нартай Сәрсенғалиев.

Оның айтуынша, былтыр санитарлық авиация көліктері 2323 рет әуеге көтерілген. Сондықтан аталған қызметтің Қазақстанда қаншалықты сұранысқа ие екенін байқауға болады. Соған қарамастан қазірдің өзінде санитарлық авиацияға мұқтаж азаматтардың бәріне бірдей көмек жетпей жатқанын сөз етті.

– Сондықтан санитарлық авиациядан әбден ескірген АН-2 және ЯК-40 ұшақтарын алып тастау керек. Оның орнына әлемдік стандартқа сай заманауи ұшақтар мен тікұшақтарды пайдалану қажет. Екіншіден, санитарлық авиацияға қажет ұшақтарды ұсынатын әуе компанияларымен шарт жасасқанда ең арзан тарифті бекіту туралы тәртіпті қайта қарау қажет. Әйтпесе, ескі ұшақтардан құтыла алмаймыз, ал бұл өз кезегінде онсыз да ауыр дертке шалдыққан адамды азаптау боп табылады. Үшіншіден, жоғарыдағы ұсыныстар жүзеге асқанша, еліміздің санитарлық авиациясындағы АН-2 ұшақтарына авиациялық жанармай құюды қамтамасыз ету керек. Себебі автокөліктің бензинін құйған ұшақтың алысқа ұшпайтыны тағы бар, – деген Мәжіліс депутаты бұл мәселені «АМАNАТ» партиясы да назарда ұстап отырғанын айтты.
29 мамыр 2024 ж. 149 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031