Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәдениет және өнер қызметкерлері құрмет төрінде

Мәдениет және өнер қызметкерлері құрмет төрінде

Бүгін Қазалыда мәдениет және өнер қызметкерлері күні меркесіне орай «Мәдениет мәңгілік, өнер - өміршең» атты салтанатты шара өтті.
Мерекелік шарада аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет сөз алып, мәдениет және өнер қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтады.
- «Өнер - ұлттың жаны» - дейді халық даналығы. Кез келген ел өнерімен, мәдениетімен танылып, бағаланатыны анық. Қазалы ауданының мәдениетінің тарихы да салмақты, өткені мен келешегі кемел. Бүгінгі таңда ауданда мәдениет саласында 350-ге жуық қызметкер еңбек етіп, рухани дүние тәрбиешісіне айналып отыр. Қасиетті топырақта талай айтулы өнер тұлғалары өсіп-өнді. Қорқыт бабамыздың күңіренте тартқан күй-сазы, Роза апамыз бен Мәдинаның әуелете айтқан әні, Кеңес Дүйсекеевтің шығармалары бүгінгі ұрпақтың мәңгі жүрегінде. Осы бір айтулы мереке күні мәдениет пен өнер саласының барша өкілдеріне, әсіресе, мәдениетіміз бен өнерімізді өрістету жолында аянбай еңбек еткен аға ұрпаққа шынайы алғысымды білдіремін, - деді аудан әкімі құттықтау сөзінде.

Мерекелік концертте мәдениет саласының ардагері Кенже-Әлі Асқарұлы мен Кәукей ауылдық клубының әдіскері Айзада Шамшыраққызына Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат Министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі табысталды. Сондай-ақ мәдениет саласында елеулі еңбек етіп жүрген бірқатар сала қызметкерлері облыс әкімінің, аудан әкімінің, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Алғыс хатымен» және «Қазақстан салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері кәсіподағы» бірлестігінің төсбелгісімен марапатталды.
Салтанатты шара облыстық, республикалық, халықаралық байқауларда жетістіктерге жетіп жүрген өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
25 мамыр 2024 ж. 286 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 165

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 128

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 115

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 122

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 114

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031