Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл 186 мыңнан астам оқушы мектеп бітірді

Биыл 186 мыңнан астам оқушы мектеп бітірді

© Sputnik/Александр Мироглов
Ғани Бейсембаев бір жылда атқарылған жұмысты қорытындылап, балалардың өз мұғалімдеріне, мектеп ұжымына, ата-аналарына алғыс айтуына мүмкіндік беретінін атап өтті.
"Бүгін сіздермен бірге еліміздегі төрт миллионға жуық оқушы келесі сыныптарға ауысады. Бір жылда сіздер есейіп, оқуда, шығармашылықта, спортта үлкен жетістіктерге жеттіңіздер. Осы оқу жылында біздің оқушылар 10 халықаралық олимпиадада 243 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 20 алтын, 95 күміс, 128 қола медаль бар. Сіздердің әрқайсыларыңыз өз нәтижелеріңізбен мақтана аласыздар! Сіздерді шын жүректен құттықтаймын және мұнымен тоқтап қалмауларыңызды тілеймін!", - деді ол өз құттықтауында.
Министр сондай-ақ су тасқынымен күресте алдыңғы қатарда болып, көмекке жұмылған қазақстандық педагогтерге алғысын білдірді.
"Қиындықтарға мойынсұнбай, балаларымызды оқытуды жалғастырдыңыздар, мектептерді құтқарып, мұқтаж жандарға қолдау көрсеттіңіздер және ағартушылық миссияны адал атқардыңыздар. Сіздердің ерен еңбектеріңіз бен ұстаздық кәсіпке адалдықтарыңыз үшін ең шынайы ризашылығымды білдіремін!", - деді Ғани Бейсембаев.
Айта кету керек, 2023-2024 оқу жылын 3,8 млн-нан астам оқушы аяқтауда. Оның ішінде 186 мыңнан астам 11-сыныпты бітіруші бар. Сондай-ақ 150 мыңнан астам колледж бітіруші диплом иеленіп, толыққанды маман болады.
24 мамыр 2024 ж. 289 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 133

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 125

Қала тынысымен танысты

14 қазан 2025 ж. 93

Ауылдан шыққан арлан

14 қазан 2025 ж. 106

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031