Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада 21 медаль жеңіп алды

Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада 21 медаль жеңіп алды

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов биылғы халықаралық пән олимпиадаларының аралық қорытындысын өз facebook парақшасында жариялады.
«Бүгінгі күнге дейін оқушыларымыз 5 пәннен 21 медаль жеңіп алды. Ұлттық құрама қоржынында 3 алтын, 13 күміс және 5 қола медаль бар. Яғни 23 қатысушының 21-і жүлделі орынға ие болды. Бұл жерде ең беделді халықаралық олимпиадалар туралы айтып отырмыз. Биыл тұңғыш рет Президенттің қолдауының арқасында оқушыларымыз 4,5 млн теңгеге дейін қомақты ақшалай сыйақы алып, ҰБТ тапсырмай-ақ ЖОО-ға грантқа түсу мүмкіндігіне ие болады. Математикадан халықаралық олимпиадада (IMO) Қазақстан құрамасы 3 күміс және 3 қола жүлдені жеңіп алды. Командамыз 174 ұпай жинап, еліміздің олимпиадаға қатысу тарихындағы жаңа рекордын орнатты. Командалық есепте еліміз 17-орында, ал бұл – 12 жылдағы үздік көрсеткіш. Физикадан халықаралық олимпиадада оқушыларымыз 1 алтын, 4 күміс медаль иеленді. Бұл – соңғы 8 жылдағы ең жақсы көрсеткіш. Былтыр команданың қоржынына 5 күміс түскен болатын. Географиядан халықаралық олимпиадада оқушыларымыз екінші жыл қатарынан алтын медаль жеңіп алды. Биыл да 1 қола медальға ие болдық», – деп жазады министрі Facebook парақшасында.
25 шілде 2022 ж. 649 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031