Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Электр энергиясын тұтынушы абоненттерге ескертіледі

Электр энергиясын тұтынушы абоненттерге ескертіледі

Қазалы ауданы әкімдігінің баспасөз орталығында «Теміржолэнерго» ЖШС-нан электр энергиясын тұтынушы абоненттерді «Дәулет –Энерго» ЖШС-нің пайдалануына беру жұмыстарының барысы туралы брифинг болып өтті.
Брифингте Қазалы электрмен жабдықтау мекемесі басшысының орынбасары Дінахметов Ғалым Амангелдіұлы Әйтеке би кентінің тұрғындарына Қазалы электрмен жабдықтау мекемесінің атынан электр энергиясын пайдаланып отырған «Энергопром» мекемесінің өз жұмысын тоқтатуына байланысты 2021 жылдың 13 шілдесінен бастап «Теміржолэнерго» ЖШС-нан электр энергиясын алып отырған тұрғындар енді «Дәулет-Энерго» ЖШС-ның қызмет көрсетуіне ауысқанын хабарлады.
Қазіргі таңда 1313 абонент 2021 жылдың 13 шілдесінен бастап «Дәулет-Энерго» ЖШС-нің абоненттері ретінде қайта келісімшартқа отырып, пайдалану мөлшеріне қарай төлем жасайды.
Қазіргі таңда 800 тұрғын толық келісімшартқа отырып, 600 тұрғынға түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Тұрғындар назарына қайта келісімшарт жасауды 2021 жылдың 15 қыркүйегіне дейін аяқтау ескертіледі.
«Дәулет-Энерго» мекемесінің өкілі Сұлтанов Есенай Алманұлы тұрғындарды енгізілген өзгерістермен таныстырып өтті.
Бұрын кент тұрғындары электр энергиясы ақысын 24 теңгеден төлем жасаса, жаңа келісімшартқа сай 1 деңгей – 19.13 тг, 2 деңгей – 23,44 тг, 3 деңгей – 29,30 тг төлемақы жасай алады.

"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
02 қыркүйек 2021 ж. 948 0

Оңалтудың үйлесімді орталығы

23 желтоқсан 2025 ж. 120

Түнгі қонақ

23 желтоқсан 2025 ж. 126

Маңызды мәселелер қаралды

23 желтоқсан 2025 ж. 143

Жол түзелмей, ел түзелмейді

23 желтоқсан 2025 ж. 126

Тұрғындарға тиімді баға

23 желтоқсан 2025 ж. 120

Жаңа жылға – жаңа нысан

23 желтоқсан 2025 ж. 122

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031