Биыл 10 мың лагерьде 3 млн-ға жуық бала демалады деп күтілуде
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Үкімет басшысының төрағалығымен өткен отырыста министр оқушылардың денсаулығы және балалардың жазғы лагерлеріндегі сауықтыру шаралары мен санитариялық-эпидемиологиялық талаптар жөнінде баяндады.
Ведомство басшысының айтуынша, бүгінде Қазақстан халқының 19% және еліміздегі барлық баланың 57%-дан астамы мектеп жасындағы балалар. Балалардың денсаулығы, оларға уақытылы, қолжетімді медициналық көмекті ұйымдастыру – денсаулық сақтау жүйесінің маңызды міндеттерінің бірі. Оқу жылы аяқталуға жақын екенін ескере отырып, келер оқу жылына дейін балалардың сауықтыру шараларын сапалы жүргізу маңыздылығын атап өткен жөн. Осыған байланысты алдағы маусымда ашылатын 10 мың лагерьде 3 млн-ға жуық баланы сауықтыру жоспарлануда.
Сауықтыру жұмыстары толыққанды және сапалы жүргізілу үшін лагерь мерзімі басталмай тұрып саяжай лагерлері санэпид талаптарға сәйкестігін растайтын анықтама алулары қажет. Өткен жылғы тәжірибеге сүйенсек, лагерьді ашуға рұқсат алу жұмыстарын уақытылы жүргізу қажеттілігі айқындалады. Мәселен, 2023 жылы рұқсат алуға берілген өтініштердің 10%-ы (21) кемшіліктердің анықталуына байланысты қабылданбады, — деді министр.
Бұдан басқа сауықтыру ұйымдарының қызметін бақылау барысында заңда белгіленген талаптардың бұзылғаны, оның ішінде 16 лагерь рұқсат құжатынсыз жұмыс істегені анықталған.
Сол себепті министрлік биылғы маусымға дайындық жұмыстары барысында қала сыртындағы лагерь иелерімен санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу бойынша іс-шаралар аясында консультациялық көмек көрсетуге әр лагерьге нақты мамандар бекітті.
Министрдің айтуынша, бүгінде жоспарланған 182 лагерьдің 163-не консультация беріліп, 45 маусымдық лагерьге (Ақмола облысы – 9, Жетісу облысы – 5, Қостанай облысы – 6, Қызылорда облысы – 8, Павлодар облысы – 7, СҚО – 10) мониторинг жүргізілген. Одан бөлек жазғы сауықтыру ұйымдарының басшылығымен бірлесіп 100-ден астам оқыту семинары өткізіліп, сауықтыру ұйымдарына қойылатын талаптарды түсіндіру бойынша 83 материал жарияланды.
Жазғы сауықтыру ұйымдарының жұмысына шағым болған жағдайда ауызша немесе жазбаша шағыммен жүгінуге болатындай етіп санэпидбақылау комитеті жанынан жедел желі ұйымдастырылды. Жоғарыда аталып өткен мәселенің маңыздылығын ескере отырып, өңірлерде маусым басталғанға дейін ғимараттарды жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын аяқтап, аумақты тазалап әрі абаттандырып, қызметкерлерді оқыту керек. Балалар демалысқа келгенге дейін санэпид қорытынды алуды қамтамасыз етуі қажет, — деді Ақмарал Әлназарова.
Министр ата-аналарға министрліктің сайтында, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мен оның аумақтық департаменттерінің сайттарында орналастырылған, қорытынды алған қала сыртындағы лагерьлер туралы ақпаратты алуға кеңес берді. Белгіленген талаптарды сақтау – алдағы маусымда балалардың қауіпсіз демалысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Алдағы жазғы демалыста 10 мың лагерьде 3 млн-ға жуық баланы сауықтыру жоспарлануда. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.