Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда тек әйелдер мінетін вагондарға деген сұраныс 2 есеге артқан

Қазақстанда тек әйелдер мінетін вагондарға деген сұраныс 2 есеге артқан

Фото: Әсет Құндақбаев
Елімізде әйелдер вагондарымен жүрген жолаушылар саны 2 есеге артты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚТЖ-ға сілтеме жасай отырып.
«Жыл басынан бері 70 мыңға жуық жолаушы «әйелдер вагонымен» жүрді. Бұл көрсеткіш өткен жылдан 2 есеге көп. 2023 жылы әйелдер вагонын 34 мыңнан астам әйел пайдаланған. 2021 жылы қызмет енгеннен бастап 359 мыңнан астам әйел осындай вагонмен сапарлаған», - деп хабарлады компания. 
Бүгінгі таңда 8 жолаушылар пойызында әйелдер мінетін вагондар бар. Олар:
-№77/78 «Алматы-Маңғыстау» №07 купе вагоны;
-№351/352 «Алматы-Өскемен» №10 купе вагоны.
-№45/46 «Павлодар-Түркістан» №09 купе вагоны;
-№37/38 «Маңғыстау-Семей» №06 купе вагоны;
-№47/48 «Атырау-Астана» №06 купе вагоны;
-№33/34 «Ақтөбе-Алматы-1» №06 купе вагоны;
-№4/3 «Астана-Алматы-2» №17 купе вагоны;
-№71/72 «Астана-Шымкент» №10 купе вагоны.

Айта кетейік, бұл вагондарға билеттер тек әйелдерге сатылады және әйел жолсеріктер жұмыс істейді. Сонымен қатар, әйелдерге арналған вагонында жеті жасқа дейінгі ер баланың жол жүруіне рұқсат бар.
10 мамыр 2024 ж. 341 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 137

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 130

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 118

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 115

Шырша шамы, жарқыра!

20 желтоқсан 2025 ж. 122

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 112

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031