Жас сарбаздар сайысты

Ал, шараның құрметті қонағы, Ауған соғысының ардагері, генерал - майор, жерлесіміз Ерниязов Әлімжан жастарды отансүйгіштікке шақырды.
— Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылған күні, Отан қорғаушылар мерекесі құтты болсын, құрметті жас достар. Қазіргідей бейбіт заманда өмір сүріп жатқан біз бақыттымыз. Дегенмен, «Сақтансаң – сақтаймын» деген тәмсілді жете түсінуіміз керек. Өздеріңіз сынды ұл-қыздар алмағайып заман туа қалса ереуіл атқа ер салып, егеулі найза қолға алуға машықтанған болуы міндет. Сондықтан, мұндай шара мен сайыстардың келешек мықты армия құруымызға септесетіні сөзсіз. Сайыста сәттілік серік болсын, – деді Әлімжан Қанағатұлы.
Спорттық сайыс бірнеше кезеңге бөлінді. Жас сарбаздар ең алдымен, саптық байқау бойынша тартысты. Әр бағыт бойынша бөлінген взводтар шеберліктерін көрсетіп, өзара мықтыны анықтады.
Мерекелік шараны ауданның бас ұстазы Әділхан Жөлекешов қорытындылап, жеңімпаздарды марапаттады.