Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Арнайы кадет сыныбы ашылды

Арнайы кадет сыныбы ашылды

Мамыр айының алғашқы онкүндігі – ардагерлер, Отан қорғаушылар мен ер азаматтар қауымы үшін айырықша тебіреніске толы мезет. Бүгінге дейін батырлық, отансүйгіштікті өскелең ұрпаққа насихаттау, тұлғалар туралы танымды қалыптастыру бағытында бірнеше көрнекі шара қорытындыланды.
Ал бүгін №266 мектеп-лицейде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Ұлы жеңістің 79 жылдығы қарсаңында қызметте парызын адал атқарып жүріп қаза тапқан Қалеков Қайрат Шаразадинұлы атына қадет сыныбы ашылды.
Батырды, оның жанкештілігін бір минут еске алумен басталған шараға генерал - майор Ерниязов Әлімжан, Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Дәурен Оңғарбайұлы, Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Әділхан Оңдасынұлы, сонымен бірге аудандық полиция бөлімінің бастығы Асылбай Шудабайұлы, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы Нұрлан Құрманғалиұлы қатысты. Азаматы ардақталған сәтке марқұм Қайрат Шаразадинұлының зайыбы Әлия апай да куә болды.
Кадет сыныбының лентасы қиылғаннан кейін үш жақты меморандумға қол қойылды. Мектеп, Қорғаныс және Полиция бөлімі бірлесе қол қойған құжат ендігі жерде шәкірттердің патриоттығын оятуға, құқықбұзушылықтың алдын алуға, сонымен бірге жастарды әскери ақпараттандыруға жұмыс істейді.
Бұдан кейін мектептің акт залында Ауған соғысының ардагері, генерал - майор Ерниязов Әлімжан жоғары сынып оқушыларымен әскери қызметкерлердің беделі, әскери-патриоттық тәрбие, солдаттарға жасалатын мүмкіндік, мамандық таңдау жайында әңгіме өрбітті. Балалар өздерін толғандырған сұрақтар қойып, тұщымды жауап алды.
Айта кету керек, Қайрат Қалеков 1991 жылы әскер қатарынан келген соң Қазалы аудандық ІІБ-нің жанындағы күзет бөлімшесінде бақылаушы болып жұмысқа орналасқан. Кейін 1993 жылы маусым айында Қазалы аудандық ішкі істер бөлімі патрульдік күзет қызметінің милиционері лауазымынан жалғастырды. 1998 жылдың 12 ақпанында Қазалы ауданындағы Жаңақазалы кеңшарында қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан.
08 мамыр 2024 ж. 201 0

Қазалыдағы қос қуаныш

23 наурыз 2025 ж. 121

Нұршашты көктем жыл басы

23 наурыз 2025 ж. 170

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31