Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Рыбакина Мадридте Путинцеваны жеңіп, алғаш рет жартылай финалға шықты

Рыбакина Мадридте Путинцеваны жеңіп, алғаш рет жартылай финалға шықты

Фото
МАДРИД.
KAZINFORM – Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина алғаш рет Мадрид (Испания) WTA 1000 турнирінің жартылай финалына жолдама алды.

Е.Рыбакина ширек финалда отандасы, әлемнің 50-ракеткасы Юлия Путинцевамен жолықты.
Осыған дейін өзара екі кездесуде Ю.Путинцева басым түскен еді.

Бұл жолы бірінші партияда есеп 2:2 болған сәтте Юлия брейк жасап, сол қарқынынан танған жоқ – 6:4.

Екінші сетте есеп 1:1 болғанда, Путинцева тағы да брейкке қол жеткізді. Бірақ Рыбакина сол бойда таразы басын теңестірді – 2:2. Сосын тай-брейкте есесін жібермеді – 7:6 (7:4).

Үшінші, шешуші партияда Юлия 5:2 есебімен алға кетті. Содан кейін Елена доп бергенде, екі матчболын пайдалана алмады. Есесіне Рыбакина қатарынан бес геймді өз есебіне жазды – 7:5.

Екі сағат 48 минутқа созылған тартысты матчта Рыбакина 6 эйс жасап, 12 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Путинцева эйс жасай алған жоқ. Ол да 3 брейкпен (10 брейк-пойнт) көзге түсті.

Елена Рыбакина финалға шығу үшін әлемнің 2-ракеткасы, осы жарыстың өткен жылғы чемпионы, Беларусь өкілі Арина Соболенко немесе Ресейдің жас жұлдызы, рейтингіде 43-орындағы, 17 жастағы Мирра Андрееваның қай жеңгенімен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Недовесовтің Мадрид мастерс турнирінің 1/8 финалына шыққанын болатынбыз.

Сондай-ақ Михаил Кукушкин Франциядағы жарыстың іріктеу сайысын сәтті өткізді.

Бейбіт Жұқаев Қытайдағы жарыстың ширек финалына өтті.
01 мамыр 2024 ж. 188 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 122

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 125

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930