Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Жас мерген» анықталды

«Жас мерген» анықталды

14 қазан күні №276 мектепте Қазалы аудандық білім бөлімі мен «Жастар» ресурстық орталығының ұйымдастыруымен мектеп оқушылар арасында әскери-қолданбалы спорт түрлерінен «Жас мерген-2023» аудандық іріктеу жарысы өтті.
Шәкірттер екі кезең бойынша сайысты. І кезең – аймақтың, ІІ кезең – аудандық. Аудандық іріктеу жарысына 8 – аймақтан жасақталған құрама командалар қатысты. Әр аймақтан 5 ер баладан 40 оқушы қатысты.
Жарыстың бағдарламасы бойынша:
1. ИЖ-38 пневматикалық винтовкамен нысанаға оқ ату,
2. АК-74 оқу қаруын толық емес бөлшектеуге және жинақтау,
3. АК-74 оқу қаруын оқжатарын патрондамен жарақтау,
4. ИЖ-38 пневматикалық винтовкасынан жылдамдыққа атудан
5. Бел темірге тартылу
6. Капитан сайысы
7. Командалық кросс бойынша 7 түрінен.
Жарыстың қорытындысы бойынша:
АК-74 қаруын толық емес бөлшектеу және жинау сайысында жүлделі
І орын №249 мектеп лицей оқушысы Зулфуқар Азамат, ІІ орын №94 мектеп оқушысы Оспан Ерсұңқар және ІІІ орын №238 мектеп оқушысы Әмірбек Нұрталап иеленді.
Оқжатарға патрондарды жарақтау сайысында жүлделі І орын №94 мектеп оқушысы Сағындық Мәулен, ІІ орын №25 мектеп оқушысы Ертуған Бақдәулет және ІІІ орын №92 мектеп оқушысы Амангелді Расул иеленді.
Капитандар сайысы ОЗК кию сайысында жүлделі І орын №16 мектеп-лицей оқушысы Жарылқасынов Ердос, ІІ орын №88 мектеп оқушысы Түлкібай Бақтияр және ІІІ орын №225 мектеп оқушысы Разақ Ринат иеленді.
ИЖ-38 пневматикалық винтовкамен нысанаға оқ ату сайысында жүлделі І орын №238 мектеп оқушысы Әмірбек Нұрталап, ІІ орын №94 мектеп оқушысы Оспан Ерсұңқар және ІІІ орын №266 мектеп-лицей оқушысы Жантілеу Жамбыл иеленді.
ИЖ-38 пневматикалық винтовкасынан жылдамдыққа атудан сайысында жүлделі І орын №94 мектеп оқушысы Оспан Ерсұңқар, ІІ орын №94 мектеп оқушысы Тұрсынбай Нұрислам және ІІІ орын №24 мектеп оқушысы Отаралы Әділет иеленді.
Белтемірге тартылу сайысында жүлделі І орын №266 мектеп-лицей оқушысы Сабырұлы Альфараби, ІІ орын №225 мектеп оқушысы Разақ Ринат және ІІІ орын №238 мектеп оқушысы Әмірбек Нұрталап иеленді.
Командалық кросс 1000 метрге жүгіру сайысында жүлделі І орын 6-аймақ командасы, ІІІ орын 5-аймақ командасы және ІІІ орын 4- аймақ командасы иеленді.
«Жас мерген-2023» аудандық іріктеу жарысы жалпы командалық есебі бойынша І орын 5-аймақ №24,№88,№94 мектептерден жасақталған команда,
ІІ орын 4-аймақ №25,№93,№97,№225,№238 мектептерден жасақталған команда және ІІІ орын 3-аймақ №16,№90,№95 мектептерден жасақталған команда иеленді.
Осы сайыста үздік танылған бес оқушы облыстық жарысқа қатысатын болады.
"Қазалы"ақпарат
16 қазан 2023 ж. 181 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031