Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Журналистерге сот шешім шықты

Журналистерге сот шешім шықты

Астанада Қуандық Бишімбаевтың соты туралы сюжетте алқабилерді елге көрсетіп қойған "КТК" арнасы журналистерінің үстінен әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды.

Сот басынан бастап БАҚ өкілдеріне сот үкімін шығарған кезде олардың объективтілігіне әсер етпеуі үшін алқабилерді көрсетуге ресми түрде тыйым салған болатын. Алайда "КТК" арнасы сюжет барысында алқабилерді қатар алып, бұл видео TikTok желісінде тарап кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Салдарынан қазақстандықтар алқабилерді көрді. Осыдан кейін сот БАҚ қызметкерлерін залдан шығару туралы шешім қабылдады. Кейін КТК қызметкерлеріне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 653-бабы ("сотты құрметтемеу") бойынша хаттама толтырылып, үш адам – корреспондент Анна Абрамова, оператор Абылхан Самбетов және бас редактор Александр Подойников жауапқа тартылды.

Алғашқы екеуі кінәні толық мойындады. Ал олардың жетекшісі кінәні ішінара мойындады. Үшеуіне де 20 АЕК айыппұл салынып, 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу туралы жаза қолданылған еді. Алайда сот кейін ескертумен шектеліп, ешкімді қатты жазаламауға шешім қабылдады.

Журналистер сот қаулыларына шағымдануға құқылы.
22 сәуір 2024 ж. 223 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30