Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада майдангерлерге 1 млн 111 мың теңгеден беріледі

Қызылордада майдангерлерге 1 млн 111 мың теңгеден беріледі

Қызылорда облысында бүгінде көзі тірі 16 соғыс ардагеріне біржолғы материалдық көмек ретінде 1 млн 111 мың теңгеден беріледі.
Соғыс жылдарында Сыр өңірінен майданға 70 мыңға жуық адам аттанды. Олардың тең жарымына жуығы туған жерге оралған жоқ. Қазір Қызылордада 16 қарт жауынгер тұрады. Олардың 9-ы - соғыс ардагері болса, 7-і - соғыс мүгедегі.
«Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және оларға теңестірілген азаматтарға біржолғы материалдық көмек көрсетуге облыстық және аудандық бюджеттен қаржы бөлінді. Оның ішінде, қатысушылар мен мүгедектеріне, тылда қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі және кемінде 6 ай жұмыс істеген азаматтарға, екінші рет некеге құрмаған, қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдеріне әлеуметтік төлем төленді. Сондай-ақ, ардагерлерге дәстүрлі азық-түлік себеттері ұсынылады»,-деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев.
Бұл мақсатта жергілікті бюджеттен 452 млн теңгеден астам қаржы бөлінді. Басқарманың мәліметінше, бұл санатта 4335 адам бар. От пен оқтың ортасынан есен-сау оралған, ортамызда жүрген 16 қарияға біржолғы материалдық көмек ретінде 1 млн 111 мың теңгеден беріледі. Тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін КСРО ордендерімен, медальдарымен марапатталғандарға – 183 мың, тылда кемінде жарты жыл жұмыс істегендерге, екiншi рет некелеспеген, қайтыс болған соғыс мүгедектерi мен оларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерiне немесе күйеулерiне 100 мың теңгеден тиесілі.
Соғыс сұрапылын көрген тарих куәгерлері сондай-ақ «Birgemiz» қоғамдық қорынан 50 мың теңгеден алады. Жеңісті жақындатуға еселі еңбегімен елеулі үлес қосқан жандарға қаржылай қолдаудан бөлек, Жеңістің 75 жылдығына арналған медаль табысталады.
09 мамыр 2020 ж. 701 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 148

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 131

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031