Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Құрылыс жұмыстары аймақ басшысының тікелей назарында

Құрылыс жұмыстары аймақ басшысының тікелей назарында

Облыс аумағында мемлекеттік бағдарламалар, ұлттық жобалар және инвесторлар демеушілігімен бой көтерген жаңа нысандардың қатары көп.
Бүгін аймақ басшысы құрылыс сатысындағы нысандар мен жолдардың сапасына қатысты арнайы жедел мәжіліс өткізіп, жауапты сала басшылары мен аудан әкімдеріне бірқатар тапсырма берді.
«Ел игілігіне қызмет ететін нысандардың құрылыс сапасына асқан жауапкершілікпен қарау керек. Сала басшылары өзіне қатысты әр жобаның уақытылы әрі сапалы жүзеге асырылуын бақылауда ұстауы қажет. Арнайы комиссия жіберіп тексеретін боламыз. Қажет болған жағдайда, жұмысты уақытылы аяқтамаған мердігер мекемеге шара көру керек. Бұған облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық басқармалар басшыларымен қатар аудан әкімдері де тікелей жауапты. Басталған құрылыс жұмыстарын тиянақты орындап, мерзімінде пайдалануға беруді тапсырамын», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.
Сонымен қатар, облыс әкімі Қызылорда қаласындағы, аудандар мен барлық елді мекендегі мекемелердің сырт келбеті таза, заманауи талапқа сай болуы керек екенін ескертіп, олардың айналасын көгалдандыру міндетін жүктеді.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
18 сәуір 2024 ж. 305 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 134

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 135

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 140

Рухани шамшырақ иесі

21 қазан 2025 ж. 124

Мал баққанға бітеді

21 қазан 2025 ж. 121

Ұйқыдағы үрей

21 қазан 2025 ж. 136

Алма ауызға түспейді

21 қазан 2025 ж. 133

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031