Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 11 жаңа медициналық нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі

11 жаңа медициналық нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі

Kyzylorda-news.kz. ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен мәжілісте «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын жүзеге асыруға қатысты бірқатар өзекті мәселелер қаралды.

Үкімет басшысы денсаулық сақтау нысандарының сапалы салынуы мен мерзімінде пайдалануға берілуін қатаң бақылауға алып, жұмысты жүйелі ұйымдастыруды тапсырды.

Үкімет отырысынан кейін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев арнайы мәжіліс өткізіп, берілген тапсырмаларды пысықтады.

«Өткен жылы ұлттық жобамен өңірімізде 15 дәрігерлік амбулатория, 1 медициналық бекет салынып, ел игілігіне табысталды. Биыл тағы 11 жаңа медициналық нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Құрылысы басталатын медицина нысандарының мемлекеттік сараптама қорытындысын жеделдетіп алуды және сапасына мән беруді тапсырамын», – деді аймақ басшысы.

Биыл Арал, Қазалы, Шиелі, Жаңақорған ауданаралық ауруханаларын көпбейінді аудандық орталық аурухана деңгейіне жеткізу жұмыстары жүргізіледі. Жиында облыстық денсаулық сақтау басқармасына жобалардың мемлекеттік сараптама қорытындысын уақыт создырмай алу және қосымша құрылыс жұмыстарын келер жылға қалдырмай аяқтау мүмкіндіктерін салалық министрлікпен пысықтау тапсырылды. Жаңа денсаулық сақтау нысандарын қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету кезінде сапасы қатаң қадағалануы керек. Сондай-ақ, медицина ұйымдарының барлығы санитарлық автокөлікпен, білікті мамандармен қамтамасыз етілуі тиіс.

Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы облыстық бақылау басқармасымен және аудан әкімдерімен бірлесіп құрылыс сапасына, мерзімінде пайдалануға берілуіне жауапты болады.
Фото: облыс әкімінің баспасөз қызметі

28 ақпан 2024 ж. 111 0

Ебін тапқан, екі асайды

27 шілде 2024 ж. 35

Ажарлы мекен Аранды

27 шілде 2024 ж. 35

Анаға тағзым

27 шілде 2024 ж. 38

Меже мен мүмкіндік

27 шілде 2024 ж. 40

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031