Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тазалыққа кәсіпкерлер де атсалысады

Тазалыққа кәсіпкерлер де атсалысады

Өткен аптада Қазалы ауданы әкімі Мейрамбек Шермағанбеттің төрағалығымен аудандық жастар ресурстық ғимаратында Әйтеке би көшесінде орналасқан кәсіпкерлерік нысандардың иелерімен санитарлық-тазалыққа байланысты кездесу өткізді.
Қазіргі таңда аудан бойынша 5786 кәсіпкер тіркелген болса, оның – 3525-і Әйтеке би кентінде. Олардың негізгі бөлігі екі көшеде орналасқан.
Атап айтқанда, Әйтеке би көшесінде – 71, Жанқожа батыр көшесінде – 39 кәсіпкерлік нысан бар. Алайда, бұлардың барлығы бірдей бүгінгі күн талабына сай келмей тұр.
Сондықтан, Қазалы ауданы әкімі тазалыққа қатысты орын алып отырған кемшіліктерді айта отырып, алдағы уақытта бірлесе жұмыс жасап, туған жерімізді көркейтуге шақырды.
– Халқымызда «Сын түзелмей, мін түзелмейді» деген жақсы сөз бар. Сондықтан, алдағы уақытта «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара» отырып, бірлесе жұмыс жасауға шақырамын. Ол үшін, біз өз тарапымыздан қолдан келгенше, жұмыстардың барлығын жасауға дайынбыз. Алдағы уақытта аудан орталығындағы Әйтеке би көшесіне қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізіп, мүмкіндігінше, көше бойын барынша кеңейтіп, асфальттаймыз. Көше бойына толықтай жарықшамдар орнатып, жаяу жүргіншілер жолы да, дұрысталатын болады. Ал, Сіздерден көп қаржыны қажет етпейтін аулаларыңызды таза ұстап, туған жердің тазалығын сақтау ғана сұралады,– деді аудан әкімі.
Шара соңында күн тәртібіндегі мәселеге байланысты кәсіпкерлер тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылып, кәсіп иелері тазалыққа бір ауыздан қолдау білдіретіндіктерін жеткізді.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
15 сәуір 2024 ж. 301 0

Бәрі бала болашағы үшін

12 сәуір 2025 ж. 104

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930