Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тазалық табалдырықтан басталады

Тазалық табалдырықтан басталады

Көктем шығысымен ауданымызда екі айлық санитарлық тазалық жұмыстары басталатыны белгілі. Бұл уақытта тұрғындар айналаны күл-қоқыстан тазартып, тал егу жұмыстарын бастайды.
Көктемгі тазалық жұмыстарына байланысты аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбеттің төрағалығымен мәжіліс өтті. Мәжіліске Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласында орналасқан барлық мекеме-кәсіпорындардың басшылары қатысты.
Тазалықтың адам өміріндегі маңыздылығына тоқталған Мейрамбек Зинабдинұлы аудан тұрғындары мен мекеме-кәсіпорын ұжымдарын елдік іске белсене араласып, көркейту-көгалдандыру шараларына біркісідей атсалысуға шақырды.
– Ауданда наурыз және мамыр айлары аралығы көктемгі санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандырудың екі айлығы болып жарияланды. Осыған орай Әйтеке би кенті 7 аймаққа бөлініп, аудандық мәслихат төрағасы, аудан әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы әр аймаққа жауапты болып бекітілді.
Әйтеке би кенті – ауданымыздың айнасы, оның айналасын үнемі таза ұстап отыру – осы отырған баршамызға ортақ іс.
Тазалық – әркімнің өз ауласынан, табалдырығынан басталады. Сондықтан әрбір тұрғын өз ауылын таза ұстауға, көркейтуге үлес қосуы керек. Біз көшелерді қанша сәндеп-жөндегенмен, көше бойындағы қоқыстар пен үйлердің қоршауы жөнделіп, сырланбаса мұның бәрі бекер екені белгілі, – деген аудан басшысы барлық мекеме-кәсіпорындар мен кәсіпкерлік нысандардың иелері сенбі күнін күтіп отырмай, тазалық жұмыстарын жүргізулері қажет екенін жеткізді.
Мұнан соң кент әкімі Мұрат Әбсұлтанов Әйтеке би кентіндегі тазалық жұмыстары бойынша атқарылған және алда жоспарланған жұмыстар жөнінде айтып берді.
Басқосуда аудан әкімі аудандық полиция бөлімі, білім, денсаулық сақтау, аудандық қоғамдық даму бөлімі, Жастар ресурстық орталығы, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі мен кент әкіміне күн тәртібіндегі мәселеге байланысты тиісті жұмыстар атқаруды тапсырды.
«Абырой барлығымызға да ортақ. Сондықтан белгіленген аймақтарға ұжым болып ауызбіршілікпен шығып, тазалық жұмыстарын жүргізсек, бұл біздің перзенттік парызымыз. Біз қашанда үлкеніміз қайда жүрсе, сонда бағыт алған ұрпақпыз. Өздеріңіз бас болып, барлық жұмысты бірге істеуге атсалыссаңыздар», – деген Мейрамбек Зинабдинұлы мәжілісті қорытындылады.
Қазалы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
01 наурыз 2024 ж. 83 0

Туыстар таңдауы

22 маусым 2024 ж. 59

Келіндер байқауы

22 маусым 2024 ж. 58

Әке жолы ұлға үлгі

22 маусым 2024 ж. 63

Қоқыста қалған құндылық

22 маусым 2024 ж. 75

Сапалы құрылыс сән берер

22 маусым 2024 ж. 60

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930