Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » WhatsApp, Instagram және Facebook желілері әлем бойынша істен шықты

WhatsApp, Instagram және Facebook желілері әлем бойынша істен шықты

Фото: CNN
Әлемдегі желі қолданушылары Facebook, Instagram әлеуметтік желілері мен WhatsApp мессенджерінде ақау болғанына шағымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Downdetector дерегі бойынша, шағымның көбі еуропалық қолданушылардан түскен.

Олар WhatsApp ашылмай қалғанын хабарлаған. Сонымен қатар мессенджердің веб-нұсқасына кіре алмай, хат ала алмай қалғанын мәлімдеді.

Ал Instagram пен Facebook пайдаланушылары қосымшаны пайдаланғанда іркіліс бар екеніне шағым айтты.

Айта кетейік, кеше мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев ұялы байланыс операторларының тариф бағасын негізсіз қымбаттатып, халықтың қалтасын қағып отырғанын айтып, мәселе көтерді.

“Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметінше, ұялы байланыс қызметтерінің тарифтік жоспары 2023 жылы 57%-ке дейін өскен. Ал 2021-2022 жылдары тарифтердің өсуі орташа алғанда 13-тен 37% дейін болған. Атап айтсақ, 2023 жылдың сәуірінде Билайн "Яркий" тарифтік жоспарын 1790 теңгеден 2490 теңгеге дейін (өсім – 39%) қымбаттатты, Кселл мен Теле2 тамыз айынан бастап әртүрлі тарифтік жоспарының өсетінін мәлімдеген. Атап айтқанда, "Реальный безлимит" (Кселл) 3390 теңгеден 4390 теңгеге (өсуі 29 %), "Просто супер" (теле2) 2590 теңгеден 3290 теңгеге (өсуі 27 %) өсті”, – деді Бейсенбаев.
04 сәуір 2024 ж. 303 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 137

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 129

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 118

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 115

Шырша шамы, жарқыра!

20 желтоқсан 2025 ж. 122

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 112

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031