Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Енді елімізде кәмелетке толмаған балалар ата-анасының рұқсатынсыз Instagram, Facebook, WhatsApp желілеріне тіркеле алмайды

Енді елімізде кәмелетке толмаған балалар ата-анасының рұқсатынсыз Instagram, Facebook, WhatsApp желілеріне тіркеле алмайды

Енді Қазақстанда кәмелетке толмаған балалар ата-аналарының рұқсатынсыз Instagram, Facebook, WhatsApp, ВКонтакте платформаларына тіркеле алмайды. Құжат жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды. Бұл туралы sn.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл жоба еліміздегі балалар арасындағы суицидтің алдын алу мақсатында қолға алынбақ. Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу, олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған "Бала қорғау" кешенді жоспарынан белгілі болды.
Мұнда Instagram, Facebook, WhatsApp, ВКонтакте платформаларында кәмелетке толмағандарды заңды өкілдердің рұқсатынсыз тіркеуді шектеу жөнінде шаралар қабылдау 2025 жылғы 1 тоқсанға жоспарланғаны жазылған. Бұл бастамаға Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Ақпарат және қоғамдық даму, Оқу-ағарту министрліктері жауапты болады.
"Бала қорғау" кешенді жоспарындағы мәліметке сәйкес, елімізде жасөспірімдер арасында қылмыстық жағдай күрделене түскен. 2021 жылы 1529 қылмыс тіркелсе, 2022 жылы оолардың саны 12 пайызға артып, 1735-ке жеткен. Мұндай құқық бұзушылықтар, әсіресе, Алматы қаласы, Батыс Қазақстан, Павлодар, Маңғыстау облыстарында жиі тіркеледі.
Құжат жобасы 6 маусымға дейін жария талқылауда болады.
24 мамыр 2023 ж. 168 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 101

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930