Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Facebook қосымшасының не себепті істен шыққаны белгілі болды

Facebook қосымшасының не себепті істен шыққаны белгілі болды

Инженерлер Facebook-тегі сәтсіздіктің себебі маршрутизаторлардың баптауындағы дұрыс емес өзгерістер деп атады. Бұл туралы Bugin.kz хабарлайды.
- Біздің инженерлер мәліметтерді өңдеу орталығы аралығындағы желі трафигінің координациясын бақылайтын магистралдық маршрутизаторлардың баптау өзгерістері проблемаға ұшыратқанын және байланысты үзгенін анықтады. Желі трафигіндегі бұл ақау біздің деректерді өңдеу орталығының байланыс жолына сатылы әсер етіп, бұдан біздің қызметтер жұмыс істемей қалды, - делінген Facebook инженерлерінің сайтында.

Facebook, Instagram және WhatsApp-тағы орын алған ақауға байланысты түсініктеме бере отырып. Facebook компаниясы бұл ақау пайдаланушылардың деректерін ашуға әкелмегенін мәлімдеді. Бұған дейін Privacy Affairs интернет-басылымы әлеуметтік желілердегі сәтсіздік туралы хабарламалар аясында Facebook-тің 1,5 миллиард пайдаланушысының деректері қара нарықта сатылымға қойылғанын хабарлады. Расталмаған мәліметтерге сәйкес, бұл әлеуметтік желі қолданушыларының есімдері, физикалық және электрондық мекенжайлары мен телефон нөмірлері туралы болды.

- Бізде ақау кезінде қолданушылардың деректеріне қауіп төнгені туралы ешқандай дәлел жоқ, - делінген Facebook сайтында.
Бұған дейін компания басшысы Марк Цукерберг ақау үшін кешірім сұрап, Facebook, Instagram, WhatsApp және Messenger қайтадан жұмыс істей бастағанын хабарлаған еді.
05 қазан 2021 ж. 306 0

Маңызды мәжіліс

04 мамыр 2024 ж. 17

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 50

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 62

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031