Әлеуметтік желінің қоғамдық жүйесі қалпына келді
Facebook, Instagram және WhatsApp әлеуметтік жүйесі 6 сағатқа жуық үзілістен кейін, ғаламдық интернет кеңістігіне қайта шықты. Дәл бұндай ІТ-дағдарыс Facebook жүйесінде соңғы рет 2019 жылы болған, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
Ғаламдық интернет жүйесіндегі техникалық алапат дағдарысты бақылап отырған Downdetector порталы әлем бойынша аталмыш әлеуметтік желілердің жұмысына шағымданған 10,6 миллионнан аса жазба компания серверлеріне жолданды деп отыр.
Желілік қызмет 4-ші қазан күні шамамен Гринвич уақыты бойынша 16:00-де тоқтап, тек 22:00 шамасында желі қолданушылар істен шыққан жүйеге қайта қосыла бастаған.
Ғаламдық жүйенің бұлай ұзақ уақытқа істен шығуы сирек кездесетін оқиға. 2019 жылы Facebook қызметі 14 сағаттан аса уақыт желіден ажырап қалған болатын. Енді Facebook жүйесінің 100% қалтқысыз жұмыс істеуі үшін белгілі бір уақыт қажет болады,— деді компанияның техникалық директоры Майк Шрёпфер.
Facebook компаниясы Twitter желісінде барлық желі қолданушылардан техникалық ақаулар үшін кешірім сұрап жазба жариялады. Артынша Twitter желісі де істен шықты.
Әлемдік жүйеде болған бұл ІТ-дағдарысты ретке келтіру үшін Facebook компаниясының бас сервері электр қуатынан бірнеше сағатқа ажыратылғаны айтылды.