Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Су тасқыны: қазалылық кәсіпкерлер қол ұшын созуға дайын

Су тасқыны: қазалылық кәсіпкерлер қол ұшын созуға дайын

Еліміздің бірқатар өңірлерінде тасқын суға байланысты төтенше жағдай жарияланған болатын. Табиғи апаттан зардап шеккен тұрғындарға қол үшін созуда қазалылықтар тыс қалмай, гуманитарлық көмек көрсету жұмыстарын бастады.

Осы орайда бүгін партияның Қазалы аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихаттың төрағасы Ғазиз Әліш пен аудан әкімінің орынбасары Күнтілес Назымбеков аудан кәсіпкерлерімен кездесіп, Ақтөбе өңіріне қолдау көрсету жұмыстарына атсалысуға, игі іске үлес қосуға шақырды.

Өз кезегінде облыстық мәслихат депутаты, «Тілеп» ЖШС директоры Ибайдулла Тілеп апаттан зардап шеккен азаматтарға және аталған аймаққа қолдан келгенше қолдау болатындығын айтса, өзге кәсіп иелері де шет қалмайтындарын жеткізді.

Аталған өңірге Қазалы ауданынан алғашқы гуманитарлық көмек тиелген жүк көліктері ертең жолға шығады деп жоспарлануда.


Айта кетейік, көмек қолын созамын деген тұрғындар үшін аудандық Жастар ресурстық орталығы (бұрынғы Наурыз кинотеатры) ғимаратында арнайы қабылдау пункті жұмыс істеуде. Мекен-жайы: Әйтеке би кенті, Әйтеке би көшесі №50

#AMANAT
04 наурыз 2024 ж. 115 0

Табысты тағамнан тапты

01 қараша 2025 ж. 149

Кәсіптің көзі – күріште

01 қараша 2025 ж. 163

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930