Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өзге елде сұлтан болғанша...

Өзге елде сұлтан болғанша...



Фото: ашық дереккөзден 
«Еңбекақының төмендігі һәм қымбатшылық құрсауындағы қоғам» осынау сөздер санаңызда жатталып, жауыр болса,кешірерсіз, бірақ бұл бүгінгі қоғамның ең өзекті мәселесі. Өйткені тұрмыс жағдайы жақсармай халықтың басқа мұратты көздеуі мүмкін емес.Мақалада нені қаузағалы отырғанымызды ішіңіз сезген болар?!Ендеше әңгімені елдегі жұмыс жайында өрбітпекпіз.
Кез келген жан бала-шаға қамын ойлап, қу құлқын үшін қарбалас өмірге де, ауыр жұмысқа да шыдап бағады. Сананы тұрмыс билеген заманда азаннан қара кешке дейін тіршілік қамын күйттеп, қарбалас жүргендер қаншама.Тек еткен еңбегі мен төккен терінің адал қайтарымы болса болғаны.
Несін жасырайық, соңғы уақытта ел Президентінің бастамасымен жұмыссыздар жайы көтеріліп, осы тақырып төңірегіндегі мәселелерді шешепек болып, біршама істер жасалуда. Мәселен, кеше ғана 42-45 мыңды құраған қоғамдық жұмыс жалақысы бүгінде 100 мыңнан асып жығылады. Дегенмен өскенжалақымен бірге азық-түлік сынды басқа да тұрмысқа керекті заттар желдей жарысуда.Яғни, жалақының аз-маз өскенінен халықтың жағдайы жақсарып кете қоймады десек болады. Осынау қиыншылықтардың соңы ел жастарын бездіріп, жырақта жоғары жалақы іздеп жалданып жұмыс жасауына әкеліп отыр.Қазір Корея, Англия, АҚШ, Ресей елдеріне қазақстандықтарды жұмысқа шақыратын жарнамалардың ғаламторды жаруына да осы себеп болса керек.
Соңғы деректерге сенсек, шетелде 90 мыңға жуық қазақстандық еңбек етеді екен. Олардың басым бөлігі Оңтүстік Кореяда нәпақасын тапса, қалғаны Еуропада, АҚШ елдерінде қызмет жасауда. Бұл 90 мыңның ішінде қазалылық азаматтар да бар. Солардың бірі – Нұржан Махмутұлы. Оның айтуынша, шетелде расымен айлық-табыс өте жоғары. Дегенмен бірқатар кемшіліктері бар екеніне де тоқталып өтті.
– Мен бұған дейін еліміздің әртүрлі өңірінде жұмыс жасап жүрдім. Құрылыс, күзетші сынды. Айлық 200-250 мың теңге болды. Бірақ үлкен, Алматы секілді мегаполистерде мұндай айлық шайлығыңа да жетпейді, рас. Сөйтіп жүріп, ғаламтордан шетелдердегі 1 тіпті 2 миллион теңгенің жұмыстарын көре бастадым. Оларға түйіндеме жіберіп те көрдім. Бір-екеуіне алданып та үлгердім. Кейін келе бұл қателіктерімнен сабақ алып, шынайылап іздестірдім. Германияда жұмыс жасап келген азаматты тауып, сол кісіден ақыл-кеңес алып, қажетті құжаттарды дайындап, аман-есен жолға шықтық. Қазір мұнда жағдай жақсы жасалған. Оның үстіне табиғаты да сондай жайлы. Біз мұнда фермерлік, бағбандық қызметтер атқарамыз. Күніне сегіз сағат. Айлық табысым өте жақсы, елдегі құрылыстан 5-6 есе артық аламын. Үш мезгіл асымызды да береді. Бір айыбы мигранттарға өздеріңіз білетіндей шектеу көп. Медицина өте қымбат. Жұмыс жасап, аяқтаған соң еңбекақыңызды ала алмай қалуыңызда екіталай. Осындай мәселелер көп. Әсіресе Корей еліндегі еңбекшіл ағайныдарға қиындық тудырып жатыр деп естігенмін. Сол үшін шетелде бәрі оңай, бәрі керемет деген ойдан арылыңыздар. «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деп, қазақ атам бекер айтпаса керек, – дейді Н.Махмутұлы.
Расымен өзге мемлекетте еңбек етіп жүрген отандастырымыздың құқығы тиісті деңгейде қорғалмаған. Яғни, олардың басым бөлігі заңсыз жұмыс істеп жатыр.Аталмыш мәселені өткен айдың аяғында болған Ұлттық құрылтайдың секциялық отырысына қатысқан кәсіпкер Сырымбек Тау көтерді.
– Мен соңғы рет Кореяда болғанымда бір-екі адам шағым түсірді. Оларды заңсыз мигрант болғандықтан жалақымызды ала алмайқалатын кездер болады немесе бермей жұмыстан шығарып жібереді. Я болмаса солелдіңполицейлеріншақырыпұстатыпжібереді деді. Сол мемлекеттегі елшіліктермен бірлесе мигранттарды заңды жіберуіміз керек, – деді кәсіпкер, Ұлттық құрылтай мүшесі Сырымбек Тау.
PS: Еліміздегі еңбек нарығының үлкен қозғаушы күші болатын жастар мәселесі мен қалауларына талдау жасап, олармен санасып отыру әрқашан да маңызды. Өйткені жастық күш пен үлкен амбициялардың өз отанында емес, өзге елдерде қызмет етуі ертеңін ойлайтын мемлекет үшін тиімді құбылыс емес.

Серік АҚМЫРЗА
30 наурыз 2024 ж. 198 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031