Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Қарбалас қызықты күн болмақ

Қарбалас қызықты күн болмақ

Тоқты
Бүгін біраз шығындаласыз.
Бұлардың барлығы жоспарланбаған шығындар. Сіз ойламаған жерден өзіңізге қымбат бұйым сатып алуды қалайсыз

Торпақ
Қарыздарыңызды есептеп, оларды түгелімен жабуға тырысыңыз. Бүгін қызықты идеялар пайда болып, ерекше іспен айналысуды қалайсыз.

Егіздер
Жұмысқа қатысты маңызды мәселелерді тез арада шешуге тура келеді. Серіктестермен келіссөздер жүргізіп, қаржылық мәселені нақтылап алыңыз.

Шаян
Қарбалас, соған қарамастан қызықты күн болмақ. Бір жағынан бүгін жеке өміріңізге қатысты маңызды оқиғалар орын алады. Бұл сізге ұнайтын болады.

Арыстан
Кез келген кездесуге қолайлы күн. Сізді алғаш көрген адамдар сізге сүйсіне қарап, тіпті ұнатып та қалуы мүмкін. Ал ескі таныстар сізге деген көзқарасын өзгертеді.

Бикеш
Сіз бүгін өте шыдамсызсыз. Көп сөйлеп, өзгелерге кедергі келтіресіз. Сынды қабылдай біліңіз. Сіз бұл сыннан нәтиже шығара аласыз.

Таразы
Күніңіз сәтті өтеді. Барлық шаруа сіз ойлағандай жүзеге асып, жоспар бойынша жүресіз. Шығармашылық ізденістеріңізді кейінге қалдыруға болмайды.

Сарышаян
Қызықты іспен айналысып, өміріңізді жаңа бағытқа бұруға талпынасыз. Ішкі түйсігіңізге сеніңіз. Ол қай бағытта таңдап, нені дұрыс жасау керектігін біледі.

Мерген
Жақындарыңызбен әңгімелесіп, шер тарқатасыз. Бұрын жанжалда болған жандармен де тіл табысасыз. Сондай-ақ материалдық жағдайыңыз да жақсара түседі.

Тауешкі
Кешке қарай бірнеше жерге шақырту аласыз. Қонаққа барғаннан, өзіңіз қонақ күткеніңіз дұрыс. Достармен басқосу сізге өз пайдасын тигізеді.

Суқұйғыш
Бүгін әрнарседен қорқып жүресіз. Сізді қорқақ деп айту қиын, сондықтан тез арада өз-өзіңізді қолға алыңыз. Ешкімге шағымданбаңыз.

Балықтар
Таңертеңгі уақытыңыз қарбалас, жұмыс көп болады. Дегенмен күніңіз сәтті басталмақ. Кейбір жоспарларыңызды өзгертіп, кейбірінен тіпті бас тартуыңызда мүмкін.
08 тамыз 2019 ж. 1 098 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031