Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сары май денсаулыққа пайдалы болуы үшін күніне қанша мөлшер жеу керек?

Сары май денсаулыққа пайдалы болуы үшін күніне қанша мөлшер жеу керек?

Фото: pixabay.com
Сары май құрамында көмірсулар жоқ, бірақ ол май қышқылдарына және кальций, магний, натрий, калий, фосфор, сондай-ақ A, E, B2, B6, PP және D дәрумендері секілді ағзаға қажетті басқа элементтерге бай. Бұған қарамастан, сарапшы Ирина Воронцова тепе-теңдікті сақтап, сары майды белгілі бір мөлшерде тұтыну маңызды екенін ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz "Pravda.Ru" сілтеме жасап.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, қаныққан майдың күнделікті мөлшері диетадағы калорияның 10 пайызын алуы керек, ол тәулігіне 15-25 грамм сары май.

Подробнее
biosfera.kz
Перейти на сайт
favicon
ЕСТЬ ПРОТИВОПОКАЗАНИЯ. ПОСОВЕТУЙТЕСЬ С ВРАЧОМ.
Ирина Воронцованың айтуынша, егер ағза басқа тағамнан қаныққан май алмаса, күніне сары майдың 15-25 граммын жегеннен денсаулыққа қауіп төнбейді.

"Егер адамда қаныққан майдың басқа көздері болмаса, бұл доза қауіпсіз болады, бірақ қарапайым 2 шұжықтың өзінде қаныққан майдың 10 пайызы бар. Сондықтан, абай болу керек", - деді ол.

Сонымен қатар, сары майды холестерині жоғары, жүрек-қан тамырлары аурулары және атеросклерозы бар адамдар жеуден аулақ болғаны дұрыс. Сондай-ақ, сары майды холелитиаз және панкреатитпен ауыратындар тұтынбауы керек.

Айта кетейік, бұған дейін нутрициолог сары майдың пайдалы қасиеттерін атағаны хабарланған болатын.

Шаш пен тері саулығы;
Тамырлардың саулығы;
Асқазан саулығы;
Қосымша энергия көзі;
Ұйқы сапасын жақсартады;
Еңбек қаілеттілігін арттырады.
29 наурыз 2024 ж. 383 0

Табысты тағамнан тапты

01 қараша 2025 ж. 149

Кәсіптің көзі – күріште

01 қараша 2025 ж. 163

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930